Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцина салдырамын": Ләйлә Сұлтанқызы COVID-19-ға қарсы екпе жайлы ойын айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ресми түрде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны салдыратынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат өкілі бұл туралы Instagram парақшасында хабарлап, вакцинацияға не себепті келіскенін түсіндіріп өтті.

"Мен вакцина салдырамын. Бірден айтайын бұл менің өз ойым, ешқандай тапсырыспен жасалған пост емес. Себебі мен сенем. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі бар. Бүгін Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиниятқызы алғашқылардың қатарында короновирусқа қарсы вакцина салдырды. Жалпы бұл тізімді жалғасыртыра беруге болады. Ерлан Қарин, Асхат Аймағамбетов, Бердібек Сапарбаев, Мұрат Айтенов.

Бірақ вакцина салдыруға қарсылар жетерлік. —асығыс жасалған вакцина —медицинаға сенбейді —алдымен жоғарыдағылар салдырсын дейді —діни түсінікпен қарсы —фейк ақпаратқа сенеді: чип салу басталды, вакцинадан судорога алыпты дегендей.

Әрине әр жағдайға жеке жеке қарау да керек шығар. Ал вакцина салдыруға дайындарға деннің саулығы маңызды. Алып-қашпа әңгімеге сенбейді. Тек ресми ақпарат оқиды. Білікті мамандарға сенеді. Вакцинасыз вирустан құтылмайтынын біледі. Вакцина салдыру әр адамның өз еркі, жазбаша түрде бас тарта алады" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Белгілі тележүргізушінің бұл жазбасы бірден желідегілер арасында қызы талқыланды. Бірі оның шешімін қолдап жатса, енді бірі керісінше оған қарсы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896751-vakcina-saldyramyn-ljl-sltankyzy-covid-19-ga-karsy-ekpe-zajly-ojyn-ajtty/

pixel