Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізге жеті жыл": Сәдуақасова отау құрған күнін қалай атап өткенін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова отбасымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова жолдасы екеуінің отау құрған күнін ерекше атап өтіп, өз қуанышымен қалың көпшілікпен бөлісті. Әнші өміріндегі бақытты күндерінің бірі қалай өткенін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова мен Олжас Смағұловтың отбасын құрғанына биыл 7 жыл болған. Ерлі-зайыптылар бұл ерекше күнді жанұясымен атап өтуді жөн көрген. Олар Алматы қаласындағы аса қымбат қонақ үйдің 30 қабатында орналасқан мейрамханаға барып, көңіл көтерген.

Жұлдызды отбасы өмірлеріндегі аса бақытты күндерінің бірі қалай өткенін оқырмандарынан еш жасырмай көрсетті. Әнші қара түсті ұзын көйлек кисе, оның жолдасы мен ұлы да классиканы таңдаған.

Олжас Смағұлов жанұяларының құрылғанына жеті жыл толуына орай сүйіктісіне үлкен раушан гүлдер шоғын тарту еткен.

Ерлі-зайыптылар жанұялық кештерінің суреттерімен Instagram желісінде бөлісіп, барша оқырмандарын қуантқан.

"Ал бүгін үшеуміз Ritz-Carlton қонақ үйінің 30 қабатында орналасқан “ Vista” ресторанында 7 жылдығымызды атап өттік. Көрініс ғажап енді! Романтика. Аса қатты өзгермеген сияқтымыз 7 жылда" , - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың мұндай атаулы күнді ұмытпай тойлағанына тәнті болып, оларға өз ақ тілектерін жолдады. Олар жұлдызды жанұяның аса ауыр кезеңді еңсеріп, қайта қосылғандары үшін қатты қуанғандарын жасырмады. Көпшілік Сәдуақасова мен Смағұловқа мәңгі бірге болуды тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897068-bizge-zeti-zyl-sduakasova-otau-krgan-knin-kalaj-atap-tkenin-krsetti-foto-video/

pixel