Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова: Әкемді отыз жастан асқан соң бір-ақ түсіндім

Опубликовано:

Мақпал Исабекова сұхбат барысында
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Мақпал Исабекова әкесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтып, оған деген өкпе-реніші жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі оны тек отыз жастан асқан кезде ғана түсіне бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әдетте отбасына қатысты көп мәліметпен бөліспейтін Мақпал Исабекова бұл жолы барынша ашылып, еш жерде айтпаған сырларымен бөлісті. Әнші отыз жасына дейін әкесін түсіне алмағанын ашық айтты. Алайда, уақыт өте келе ол көп нәрсеге көзқарасы өзгеріп, әкесіне деген реніші орынсыз болғанын жеткізді.

Бұл туралы Исабекова журналист Тимур Балымбетовтың "Честно говоря" бағдарламасында айтып берді. Өнер иесі үш жылдан астам уақыт бойы ешкімге сұхбат бермей кеткен.

"Әкемді отыз жастан асқан соң түсіндім. Отызға дейін мен оны мүлдем түсіне алмайтынмын. Тіпті, кейде оған қатты ренжіген кездерім де болды. Алайда, мен оны бір күнде түсіне салған жоқпын. Бұл бірнеше уақытқа созылған үрдіс болды. Есейген сайын көп нәрсеге деген көзқарасым да өзгерді. Өз-өзіме сұрақ қойып, оларға шынайы жауап беруге тырыстым. Сол кезде әкеме деген өкпе-ренішті мен баяғыда іштей қабылдап, оны түсіне бастағаныма көзім жетті. Біздің ата-анамызды ата-ана болуға ешкім үйреткен жоқ.

Мен ата-анамның балалық шағы қалай өткені мен олардың қандай отбасыда өскені туралы ойлана бастадым. Білгім келді. Олардың ата-анасымен, бауырларымен қарым-қатынасы қандай болды? Оларды еркелетті ме? Осы сұрақарға жауап іздедім. Менің әкем біріншіден, адам. Екіншіден, ол өз арман-мақсаттары бар ер азамат. Үшіншіден, ол - анамның күйеуі. Ал төртіншіден, ол менің әкем. Оның үстіне ол да шығармашылықтың адамы. Сол себепті, мен оны жақсы түсінемін.

Ол мені Мақпал Жүнісоваға ұқсасын деп сол кісінің атын берді. Менің әншіліктегі арманым орындалды. Мен әнші болып, сахнаға шығып табыс табудамын. Алайда, мен әкемнің армандары жайлы білмеймін. Ол ойлағанын іске асыра алды ма? Жоқ па? Ол маған белгісіз.Бұл ойлардың барлығын санамнан өткізген соң, мен өз қатемді түсіндім. Мен өзіме өмір сыйлаған адамға қалай ғана ренжігенмін деп ойладым. Оған өкпелеуге құқым жоқ. Менің ата-анам балалары үшін барын салған адамдар. Олар бізге бәрін беруге тырысты" , - деді Мақпал Исабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897263-maqpal-isabekova-akemdi-otyz-zastan-asqan-son-bir-aq-tusindim/

pixel