Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббатқа мас болдым": Зарина Омарова жолдасына қалай ғашық болғанын айтып берді

Опубликовано:

Зарина Омарова жолдасымен
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Әнші Зарина Омарова жолдасымен таныстығы мен оған қалай ғашық болып қалғаны туралы айтып берді. Өнер иесі артынан жүгірген сансыз азаматтар арасынан не себепті оны таңдағанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Зарина Омарова күйеуін бір көргеннен ұнатып қалған болып шықты. Әншінің айтуынша, ол сүйіктісінің бойынан нағыз ер азаматқа сай қасиеттердің барлығын байқаған.

Өнер иесі үшін материалдық жағдай бірінші орында емес. Ол азаматының айлығына емес, рухани байлығына қарап таңдау жасағанын айтты. Сол кезде бір күнде жеті мың доллар табатын әнші айлығы 80 мың теңге болған жігітке ессіз ғашық болып қалған.

"Махаббатқа мас болдым. ІІМ академиясының жігіті, форма киген. Әдемі, иық десе иық, бой десе бойы, түр десе түрі бар. Кіріп келгенде бір көргеннен ұнатып қалдым. Мен негізі, адамның келбетіне қатты мән беремін. Мен үшін бұл ең бастысы. Қыр мұрынды, бойы ұзын, көзі дау жігіттер ұнайтын. Мен жолдасыма кездескенде сол талаптарымның барлығына сәйкес келді. Бірақ, біз танысқан кезде менің жанып тұрған уақытым еді. Маған сезімін білдірген жігіттер көп болды. Трендте болдым, оны жасырмаймын.

Ал жолдасым академияның соңғы курсын оқып жүрген курсант болды. Форма қатты жарасатын өзіне. Ол кезде айлығы да жоқ еді. Сосын оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа тұрды. Айлығы 80 мың теңге болды. Мен ол кезде тойларға барып жүремін. Бір күнде алты-жеті мың доллар табатынмын. Төрт-бес тойға кіріп шығып, табысқа кенелетінмін. Азаматымның айлығына емес, рухани байлығына қарадым. Ең бастысы, бойында ер адамға тән қасиеттердің барлығы бар. Намысшыл, нағыз еркек мінезді.

Маған "жұлдыз болсаң, өзіңе жұлдызсың" деді. Ол менің артымнан жүгірмейтінін айтты. Бірақ, мен оған ұнап қалғанын мен түсініп те, сезіп те қойдым. Көзінің қарашығынан білдім. Оның отбасы мені жақсы қабылдады. Әнші екеніме сыйластықпен қарады. Орысшалау жанұя болғандықтан менің өнерден екеніме аса қатты мән бермеді. Мен сәлем салмағанмын, ішек-қарын аршымағанмын" , - деді Омарова "Ең алғашқы" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897283-maxabbatqa-mas-boldym-zarina-omarova-zoldasyna-qalai-gasyq-bolganyn-aityp-berdi/

pixel