Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова: Намазға келуіме әкем себепкер болды

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова намазға жығылуына қатысты бар шындықты ашты. Эстрада жұлдызы бұл маңызды қадамды қашан жасағаны мен оған кімнің себепкер болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бұрын-соңды еш жерде айтпаған сырымен Instagram парақшасында бөлісті. Әуелбекова өзінің намаз оқи бастауына асқар тауы әкесі себепкер болғанын жасырмай айтып, отбасына қатысты тың мәліметтерді жария етті. Белгілі болғандай, әншінің әкесі де, анасы да қажы екен.

"Менің намазым! Намазға қалай келдіңіз деп сұраушылар өте көп болып кетті. Көбіне намазға орамалды болғалы келді деп ойлайды екен. Жоқ, олай емес. Намазға келгеніме Аллаға шүкір 6шы жыл кетті. Себепкер өзімнің асқар тауым - әкем Есіркеп қажы. Иә, әкем де, шешем де қажы. Әлхамдулиллях! Біз Әуелбековтер үй ішімен намаздамыз: әке-шешем, әпкем, әпкемнің екі үлкен 13/15 жасар балалары, інім-келінім және мен. Намаз оқуым жайлы тек өзімнің ортам білетін.
Тыныш қана намазымды оқып, әнімді шырқап, тек етегі ұзын киіп жүре бергеніммен, орамал тағу ойымда арманым болып жүрді. Өйткені, намаз оқып, діни білімім артқан сайын, Алланың әмірлерінен көбірек хабардар болып, шаш пен мойын әурет екенін біліп жүрдім. Бірақ, жаулыққа келуім ұзағырақ болды. 5 жыл ниеттендім. Ниетім араға 5 жыл салып қабыл болды. Қазір Аллаға шүкір намазым да, орамалым да түгел. Көңілім тыныш!" , - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897489-moldir-auelbekova-namazga-keluime-akem-sebepker-boldy/