Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанымды елжіретіп жіберді": Мейрамбек Бесбаев өзінің сауығып кетуін тілеген әжейді іздеуде

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстардасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіде өзіне сәлем жолдап, тез сауығып кетуін тілеген әжейді іздеп жүр. Қарт ананың жолдаған сәлемдемесі әншінің жанын елжіретіп жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасындағы оқырмандарына видеодағы әжейді іздестіріп табуға көмектесуін сұрады. Ол өзіне деген жүрекжарды тілегін жолдаған апаға қоңырау шалып, оған алғысын білдіргісі келетінін айтты.

"Жаным апатай, сіздің сәлеміңізді әлеуметтік желі арқылы көрдім. Ақ жүрекпен айтылған аппақ тілегіңізге мың алғыс. Жанымды елжіретіп, көңілді тербетіп жібердіңіз. Аллаға шүкір, қолыма домбыра алып ел алдына шыққалы бері, кимешегі кірлемеген осындай аналарымның ақ батасын алып келемін. Ата-апаларымның ақ батасы көңілге медеу, жаныма демеу болып келеді.
Видеоны көріп отырып, бауырына салып еркелетіп алатын өз әжем есіме түсіп, көңілім босады. Ұрпағыңыздың рахатын көріңіз, апа. Мен болып сөйлесіп, көңіліңізді көтеріп отырған немерелеріңіздің әзілі қандай жарасымды. Айналайын аталарым, әжелерім, апаларым! Мен сіздерді өз ата-анамдай жақсы көремін. Алладан амандықтарыңызды тіледім. Ыңғайы келсе осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер жақсы болатын еді. Видеозвонокпен хабарласамын" , - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Айта кетейік, аталмыш видео желіде тез тарап, Мейрамбек Бесбаевқа да жеткен. Әнші өзінің тез сауығып кетуін тілеген қарт ананың сәлемдемесінен кейін жүрегі елжіреп кеткенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897555-zanymdy-elziretip-ziberdi-meirambek-besbaev-ozinin-sauygyp-ketuin-tilegen-azeidi-izdeude/

pixel