Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мысықтарға аллергиям бар": Әсел Сәдуақасова өзі туралы тың мәліметтермен бөлісті

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Фото: Instagram/asselsadvakassova

Қазақстандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова оқырмандарына ашылып, өзі туралы көпшілік білмейтін тың мәліметтерді жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өз өмірін барынша жасырын ұстайтын Әсел Сәдуақасова енді оқырмандарына әлеуметтік желіні қолға алып, басынан өткен көптеген жайттармен бөлісетінін айтты. Киножұлдыз жанкүйерлеріне жақын болу ұстанымына алғашқы қадамдарды жасап та үлгерген. Ол Instagram парақшасында көпшілікке беймәлім өзіне қатысты 15 тың мәліметті тізіп шықты.

"Мен Instagram желісінде көп отырмайтын адаммын. Бірақ, енді мен ақырындап ашылып, сіздермен көп жайттармен бөліспекпін. Өзімнің басымнан өткен оқиғаларды баяндап, өз ойларымды ақтаратын боламын. Бүгін мен өзіме қатысты 15 тың мәліметті айтып беремін. Алайда, оның ішінде екеуі жалған юолып табылады. Оны анықтаған адамға менен сыйлық бар.

1. Мен музыкалық мектепті бітірдім

2. Менің сүйікті қалам - Алматы

3. Қорқынышты фильмдерді жақсы көремін

4. Сүйікті түсім - көк

5. Сүйікті әнімді тоқтамай тыңдай аламын

6. Мен жасырын интровертпін

7. Шоколадты жақсы көрмеймін

8. Мысықтарға аллергиям бар

9. Сүйікті тағамым - қуырылған картоп пен тауық

10. Мен күшті жүземін

11. Мен шашымды сары түске бояп, каре қиғанмын

12. Менің екі жоғары білімім бар

13. Менің сүйікті фильмім - Матрица

14. Менің ұстанымым - әр істің бір қайыры бар

15. Ғарышқа ұшқым келеді" , - деп жазды Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897830-mysyqtarga-allergiyam-bar-asel-saduaqasova-ozi-turaly-tyn-malimettermen-bolisti/

pixel