Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасырып жүргеніміз": Өмірқұл Айниязов жұбайының жүкті екенін жариялады

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов жарымен
Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

Отандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов 21 жылдан соң тағы да әке атанбақ. Өнер иесі әйелінің жүкті екенін ресми түрде жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өмірқұл Айниязов қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол жанұясының тағы бір жанмен толығатынын ерекше хабарлады. Әнші желіде болашақ перзентінің жынысын анықтау барысынан видео жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті.

"Жасырып жүрген жаңалығымыз еді. Тілекші болыңыздар. Алла тойға жеткізсін" , - деген жазба қалдырды ол бейнежазба астына.

Эстрада жұлдызының қуанышын бөлісуге тек ет жақындары шақыртылған. Олар болашақ ата-ананы құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырған.

Айта кету керек, ерлі-зайыптылар бұл перзентті аса ұзақ күтті. Олардың тұңғыштары 2000 жылы дүниеге келген. Жұлдызды отбасы енді араға 21 жыл тастап, тағы да сәбилі болмақ.

Желі қолданушылары бірден Өмірқұл Айниязовтың парақшасын жаулап, оған өз құттықтауларын жарыса жаудырды.

"Сол күнді көруге асықпыз. Алла жазса, қуаныштарыңызға куә болайық", "Бәрекелді! Қыз болсын, мейлі ұл болсын, жарқыраған күн болсын! Өмеш құрдас, өзіңдей, ел аялар гүл болсын" , "Көптен күткен үлкен қуаныш. Аман есен Ханшайым дүниеге келсін", "Ой, қандай қуандым! Құтты болсын! Аман - есен босанып, сүйінші сұраңыздар! Алла қуанышқа жеткізсін! Үйлеріңізді сəнге бөлесін" , - деп жазды көпшілік.

Алайда, ерлі-зайыптылар кімді күтіп жүргендерін нақты айтпады. Олар жынысты анықтау сәтінде видеоны қара түсті етіп тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897880-zasyryp-zurgenimiz-omirqul-ainiyazov-zubaiynyn-zukti-ekenin-zariyalady/

pixel