Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асқар тауым құлағалы 9 жыл өтті": Тұрсынбек Қабатов марқұм әкесін есіне алды

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатовтың ата-анасы
Фото: Instagram/kabatov_tursinbek_resmi

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов асқар тауы - әкесін есіне алып, барша оқырмандарын жылатты. Өнер иесі желіде аса әсерлі жазба жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов марқұм әкесін есіне алып, Instagram парақшасында оған жантебірентерлік жазба арнады. Оған қоса, КВН жұлдызы көпшілік назарына ата-анасының отбасылық мұрағаттағы суретін ұсынды. Онда Қабатовтың тұңғыш қызы да бой көрсеткен.

Белгілі болғандай, әзілкештің әкесінің өмірден өткеніне тоғыз жыл болған.

"9 жыл өтті асқар тауым құлағалы, 9 жыл өтті анам іздеп жылағалы. Әр күніміз сағынышпен өткенімен, жүрегіміз әке деп соғады әлі. Бүгін әкем тірі болғанда 67 жасқа толар еді. Әттеген-ай десейші. Жадыраған жүзін көрмегелі де 9 жыл болып қалыпты. Жаныңыз Жәннатта болғай" , - деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Желі қолданушылары әкесіне деген сағынышын білдірген әзілкешке қолдау көрсетті.

Жаны жәнатта болсын, ұрпағы бақытты болсын", "Әкеңізге ұқсайды екенсіз", "Немересін көріп кеткен екен ғой", "Ананың аман болсын, шөбере-шөпшек сүйсін", "Әкеңіз көрмеген қызықты анаңыз көрсін", "Мықты бол Тұрсынбек. Сен ата-ана үмітін ақтап, бүгін өз жемісіңді беріп жатырсың. Мақтауға тұрарлық перзент деп сізді айтуға болады" , "Әкеңіз барлық жеткен жетістіктеріңізге куә екеніне сенімдін" , - деп жазды желідегілер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897987-asqar-tauym-qulagaly-9-zyl-otti-tursynbek-qabatov-marqum-akesin-esine-aldy/

pixel