Иманбек Зейкенов: Ата-анам айтарлықтай қолдау білдірген жоқ
Жарияланған күні:
Америкалық Saint JHN атты рэпердің "Roses" әніне ремикс жазып, дүниежүзіне танылған Иманбек Зейкенов өз отбасы туралы айтып берді. Жас музыкант туындыларды жазу барысында ата-анасынан айтарлықтай қолдау көрмегенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Иманбек Зейкенов өзінің бір сәтте танымалдылығы артып кеткенінен ата-анасы қандай әсерде болғанын жеткізді. Жас өнерпаздың айтуынша, отбасы оның өнермен айналысуына ешқашан қарсылық білдірмеген. Алайда, музыка жазып жүрген кезде де айтарлықтай қолдау білдірмеген болып шықты.
Бұл туралы Иманбектің өзі блогер Бейбіт Әлібековтың Youtube арнасына берген сұхбаты барысында айтты.
"Ешқашан қарсы болмаған. Мен музыкамды емін-еркін жазып жүрдім. Ешкім кедергі болып, қарсылық танытқан емес. Алайда, олардың тарапынан айтарлықтай қолдау да болмады. Мен өзім де ата-анама жаңа туындыларыммен бөліспейтін едім. Өз жұмыстарымды көп көрсете бермейтінмін. Алғашқы он мың, жүз мың, миллион, екі миллион "Shazam" тыңдалымдарымды мақтанып көрсеткенмін. Олар бірден шок болып, қатты қуанған емес. Бұл кезең-кезеңімен жүрген үрдістей болды. Ал енді Grammy сыйлығына тағайындалғаным бөлек әңгіме. Олар сене алмады. Мен оларға Grammy деген не екенін алдымен түсіндіріп бердім. Шыны керек, мен өзім де Grammy туралы жақында ғана білдім. Туған-туыстарым менімен мақтанады. Менің олармен қарым-қатынасым ерекше жақсы" , - деді Иманбек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898069-imanbek-zeikenov-ata-anam-aitarlyqtai-qoldau-bildirgen-zoq/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.