"Өз еңбегіммен": Айжұлдыз Адайбекова әкесіне көлік сыйлады (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы әкесінің арманын орындады. Айжұлдыз Адайбекова оған су жаңа көлік тарту еткен. Белгілі дизайнер темір тұлпарды ешкімнің көмегінсіз таза өз еңбегімен сатып алғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл қуанышты жаңалығымен Айжұлдыз Адайбекова өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Айжанованың қызы әкесіне су жаңа Toyota Camry көлігін сыйлаған. Бойжеткен алдағы уақытта өзіне де темір тұлпар алуды көздеп отыр. Алайда, ол мүлдем басқа көлікті армандап жүргенін айтты.
"Қазақтар осы "Toyota" көлігін не үшін қатты жақсы көреді? Түсінсем бұйрмасын. Әкемнің де қалауы сол темір тұлпар болды. Сол себепті, оған арманындағы көлігін алып беруді шештім. Құтты болсын, әкешім. Алдағы уақытта өзіме де авто алатын боламын. Бірақ "Toyota" емес. Менің талғамым басқа. Көрімдіктер қабылданады.
Менің Алматыға қайта ұшып келуімнің себебі де осы. Тағы да айта кеткім келетін жайт бар. Менде ешқашан гивтер болып көрмеген, өз парақшамда жарнама да жасап көрмегенмін. Бәрі өз еңбегіммен. Бастысы мақсаттарыңыз айқын болу керек. Ақша деген керек кезде пайда болатын қажет зат. Жұғысты болсын баршаңызға" , - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Желі қолданушылары бірден Адайбекованы құттықтап, оған өз жылы лебіздерін білдірді. Олар әкесін қуантқан бойжеткеннің мұндай жетістігіне аса тәнті болып, оған мақтау сөздерін жаудырған.
"Құтты болсын" , "Осындай жаста көлік сатып әперу екінің қолынан келмейтін іс. Сен жарадың Айжұлдыз" , "Ата-ананың арманын орындаудан асқан бақыт бар ма?" , "Сізді мақтан тұтамын" , - деп жазды көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898176-oz-enbegimmen-aizuldyz-adaibekova-akesine-kolik-syilady-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.