RU

16 жасындағы видеосымен бөліскен Сәдуақасоваға ел тәнті болды

16 жастағы Мадина Сәдуақасова ән салып тұр
Видеодан кадр: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова жеке мұрағатындағы видеомен бөлісіп, қалың көпшілікті тәнті етті. Белгілі болғандай, аталмыш бейнекжазбада әнші 16 жаста деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова өнерге енді ғана қадам басқан сәтіндегі видеосын Instagram парақшасында жариялап қойған. Бейнежазбада өнер иесінің сахнада ән салып жатқанын көруге болады. Ол жерде әнші небәрі 16 жаста болған.

Эстрада жұлдызының жеке мұрағатындағы видео бірден желідегілер арасында қызу талқыланып, сансыз пікірлерге ие болды. Бейнежазба аздаған уақыт ішінде үш жүз мыңға жуық лүпіл жинап үлгерген.

"Қандай керемет естелік. Сондай әдемісіз, әлі де сол қалпы. Даусыңыз да түк өзгермеген" , "Даусыңыз дым өзгермепті. Жасандылық жоқ екені айдан анық. Жулдызыңыз жана берсін" , "Сол кездің өзінде фигураңыз мықты болыпты" , "Мадина әншілігіңізге айтар сыным жоқ. Бірақ, сахнаға бұрыннан ашық образда шығып жүр екенсіз ғой", "Мына образың ашық болыпты. Мен үшін 16 жастағы қыздың осылай киінгені ерсілеу көрінеді" , "Жұлдызды қыз еш өзгермеген. Сол қалпы мінсіз сұлу" , - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова жолдасының тоқал алу мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын. Өнер иесі ел көкейінде жүрген сұраққа Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жауап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898215-16-zasyndagy-videosymen-bolisken-saduaqasovaga-el-tanti-boldy/