Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алуа Қонарова: Өзіме қолайлы жерде тұруға толықтай құқым бар

Опубликовано:

Алуа Қонарова айнаға қарап тұр
Фото: Instagram/aluakonarova

Отандық танымал продюсер Алуа Қонарова өткен жылдың көктемінен бері Түркия елінде тұрып жатыр. Шоу-бизнес өкілі ол жерге анасының қасында болу үшін барған. Алайда, бауырлас мемлекетке кеткен продюсердің бұл әрекетін кейбір оықрмандар өз отанына деген сатқындықпен теңестіре бастаған. Алуа Қонарова өзін негізсіз кінәлап жатқандарға жауап беруді шешті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі продюсер соңғы кезде желі қолданушылары оны өз еліне патриоттық сезімі жоқ деп айыптап жатқанын айтты. Халықтың мұндай сынынан мезі болған Қонарова Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, өзін сынға алғандарға жауап берді.

"Соңғы кезде менің бойымда патриоттық сезім мүлдем жоқ деп айыптауда. Біреудің алдында есеп беруге, тіпті ақталуға мауқым жоқ. Мен ешкімге қарыздар емеспін ғой? Солай емес пе? Мен салық төлемшілердің ақшасына өмір сүріп жатқан жоқпын. Бюджетті немесе тұрғындардың банктегі жинақтарын ұрлап, шетелге миллиондармен қашып кеткен жоқпын. Отаныңа деген махаббат онда тұру мен мында пікір жазумен есептелмейді. Бос әурешілік пен жай сөздер. Мен өз мемлекетімнің өнер саласына елеулі үлес қостым деп айта аламын. Менің әртістерім Қазақстан туын көтеріп, түрлі халықаралық байқаулар мен концерттерде өнер көрсетті. Сонымен қатар, мен өзіме қолайлы жерде тұруға толықтай құқым бар екенін нақты білемін" , - деп жазды Қонарова.

Оған қоса, продюсер Қазақстанға қашан және қандай жағдайда оралатынын ашық айтты.

"Мен өзімнің өліп сүйетін Қазақстаныма міндетті түрде қайта ораламын. Мен біздің жүйеде айтарлықтай өзгерістер орын алғанын түбегейлі түсіну үшін қайтып келмекпін. Содан кейін нақты шешім қабылдаймын. Кіммен, қалай және қай жерде тұратынымды өзім ғана шешемін. Бұл тек менің өмірім" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898229-alua-qonarova-ozime-qolaily-zerde-turuga-tolyqtai-quqym-bar/

pixel