Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түк жасатпайды": Жәния Джуринская енесімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуі және енесімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская енесімен қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтты. Жақында ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар ата-аналарынан бөлек тұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская өзге келіндерге қарағанда өз жолы болғанын жасырмайды. Белгілі актриса түсінігі мол әрі заманауи отбасыға келгенін айтып мақтанды.

Өнер иесінің енесімен де қарым-қатынасы өте жақсы болып шықты. Оның айтуынша, жолдасының ата-анасы оны өз туған қыздарындай қабылдаған. Жәнияның енесі тіпті оның тағам әзірлей алмайтынына асқан түсіністік танытады екен.

"Енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай? Бұл менің оқырмандарымның басым көпшілігін қызықтыратын сұрақ. Өкінішке орай, көптеген келіндер өз енелерімен тіл табыса алмай жатады. Менің жағдайымда барлығы өте жақсы. Жолдасымның жанұясы мені туған қызындай қабылдап, біздің кез келген бастамамызға қолдау білдіруде. Оған қоса, олар ойланбастан біздің бөлек тұруымызға рұқсатын берді.
Желі қолданушылары ене мен келіннің арасында мұндай қарым-қатынастың орнайы өте сирек кездесетінін айтып, оларға тәнті болды. Олар жас жұбайларға бақыт тіле п, жақын арада балалы болуларын тіледі.йіп кетті десе болады. Тіпті, менің ас әзірлей алмайтыныма да түсіністікпен қарайды" , - деп жазды Жәния Джуринская Instagram желісінде.

Желі қолданушылары ене мен келіннің арасында мұндай қарым-қатынастың орнайы өте сирек кездесетінін айтып, оларға тәнті болды. Олар жас жұбайларға бақыт тілеп, жақын арада балалы болуларын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898239-tuk-zasatpaidy-zaniya-dzurinskaya-enesimen-araqatynasy-turaly-bar-syndyqty-aitty/