Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кенталдың анасы: Келін ешқашан қызыңдай болмайды

Опубликовано:

Кентал жарымен
Фото: Instagram/kenzhebulatova_m

Қалың көпшілікке Кентал лақап атымен танылған әнші Талғат Кенжеболатовтың анасы келінімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтып берді. Ұлының таңдауы оның көңілінен қаншалықты шыққанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Бүгінде ене атанған Гүлнар Кенжеболатова келін түсіріп, қолы ұзарғанын жасырмады. Ол ұлының таңдауы дәл осындай қызға түскеніне аса қатты қуанған. Кенталдың анасы келінін аса инабатты, тәрбиелі қыз ретінде сипаттады. Оның айтуынша, ұлының жары күнделікті сәлем салып, өзінің келіндік қызметін жақсы орындап жүр.

Алайда, жас жұбайларды бөлек шығару ата-ананың ойында жоқ. Олар жаңадан құрылған отбасыға әлі де тәрбие беріп, көп нәрсені үйрету керек екенін алға тартты. Оған қоса, әншінің анасы келін ешқашан қыздай болмайтынын жеткізді.

"Азанда жетіде тұрып сәлем береді. Атасына сәлем береді. Ізетті, жақсы тәрбие алған қыз. Үйдің тазалығын мықты ұстайды. Қолым ұзарып жақсы болып қалдым. Мен ұлыма таңдауын шоу-бизнес саласынан болмасын деп айттым. Өйткені, әйел баласы үй шаруасына, жолдасына ерекше көңіл бөлу керек. Мен өз күйеуіме осымен 35 жыл бойы қызмет істеп келе жатырмын. Тез кір жуып, қонақтар келгенде тамағым дайын тұрады. Қыз баланың осы дүниедегі басты мақсаты - әйел болу, ана болу. Қалғаны қызық емес. Талғатты күтіп алу керек, тамағын беру керек, аяқ-киімін сүртіп қою, гардеробын жинап қою керек, жолдасын жақсылап шығарып салу керек. Сол кезде ол ана болады.
Мен бірден айтқанмын өнерден алма, тек өзіңді тыңдайтын, тәрбиеге көнетін қыз әкелесін дегенмін. Балам сөзімді тыңдады. Рахмет. Бөлек шығару деген жоқ. Олар тәрбие алу керек менен. Қалай қонақ күту керек, қандай дастархан жаю керек, қалай баланы шомылдыру керек, қалай қызмет істеу керек. Осының бәрін үйрететін боламын. Менен басында "қызыңыздай көресіз ба?" деп сұрағанда мен жоқ дедім. Себебі, келін ешқашан қызыңдай болмайды. Келін мен қыздың орны екі бөлек. Қыз үйінде қыз, келіннің жолы басқа. Келіндерді тәрбиелеп, жақсы келіншектер шығарамыз. Ажыраспайтындай болады" , - деді Кенжеболатова.

Бұл туралы ол "Алматы" арнасына берген сұхбатында айтты. Сұхбаттың үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898281-kentaldyn-anasy-kelin-esqasan-qyzyndai-bolmaidy/

pixel