Рамазан Стамғазиев эфир кезінде жас палуанмен күресті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Рамазан Стамғазиев араға 30 жыл тастап, спортқа қайта оралды. Күреспен қайта қауышу "Еуразия бірінші" арнасының эфирі кезінде орын алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Рамазан Стамғазиев "Ең алғашқы" бағдарламасының эфирі кезінде жас палуанмен күресіп, өзінің спорттық шеберлігін паш етті. Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған өнер иесіне арнайы палуандардың формасын кигіздіріп, студия ортасында жекпе-жек ұйымдастырған.
Оның барысында Стамғазиев күресте білетін бірнеше әдістерін көрсетіп, халықты қатты таңғалдырды. Әншінің көптеген жанкүйерлері оның бұл спорт түріне қатысқанынан бейхабар болып шықты.
Бағдарламаның эфирі кезінде жас палуанмен күрескен эстрада жұлдызының видеосы желіде бірден қызу талқыға түсті.
"Қолынан келмейтіні жоқ екен. Осы кісіні ерекше сыйлаймын" , "Рамазан ағаны мынадай формада көрген бір түрлі екен" , "Осыдан кейін спортқа қайта оралар ма екен" , "Рамазан Стамғазиевті ерекше құрметтеймін. Қарапайымдылығы мен қазақылығына тәнтімін" , "Жастарға нағыз үлгі болатын тұлға ғой. Әншілікке де, спортқа да үлгерген" , "Рамазан аға дәстүрлі әндердің дүлділі ғой" , "Керемет видео әрі әсерлі сұхбат болған. Көптен бері теледидардан бой көрсетпей кеткен ағамыздың жан сырын білдік" , "Сізді палуан деп ойламаппын. Көп әдісті де біледі екенсіз. Жарайсыз, сізді мақтан тұтамын", - деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898296-ramazan-stamgaziev-efir-kezinde-zas-paluanmen-kuresti-video/