Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшуім керек": Димаш Құдайберген Қазақстаннан қайда кетпекші (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: Gettty Images/ Artyom Geodakyan / Contributor

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген MTV USA телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-қа жол тартуды жоспарлап отырғанын айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Кеван Кенниге берген сұхбатының бір бөлігімен әнші өз Instagram парақшасында бөліскен.

"Қытайда неше жыл тұрғанымды, өз шығармашылығымды дамыту үшін АҚШ-қа қашан көшуді жоспарлап отырғанымды, және өзге де қызықты ақпараттарды сұхбаттың толық нұсқасынан біле аласыздар", - деп жазды Димаш желі парақшасында.

Ол сұхбаттан кішігірім үзіндіні көпшілік назарына ұсынды. Сұхбат барысында Димаш шығармашылығында шабытты қайдан алатынын айтып берді.

"Мен ата-анамның, елімнің қуанышынан және "Dears"-пен қарым-қатынасымнан шабыт аламын", - дейді ол.

Әнші Қытай елінде болғанда, ол жердің халқына риза болғанын алға тартты.

"Мені қалай қарсы алғанын, достық қарым-қатынасын ұнаттым. Қытайдағы менеджерлерім де өте еңбекқор әрі мейірімді жандар", - дейді ол.

Димаш сұхбат бергенді, суретке түскенді ұнатпайтынын, алайда табынушыларын қуанту үшін қашан да сұхбатқа әзір екендігін айтып, ағынан жарылды. Сұхбат барысында ол өзінің басты мақтанышы не екенін де жасырмады.

"Басты мақтанышым - қазақ екендігім", - дейді Димаш.

2021 жылға жоспарларын құпия күйде қалдыруды жөн санаған әнші тек алдағы уақытта АҚШ-қа көшуді ойлап жүргенін айтып қалды.

"Уақытымның бір бөлігін Америкада өткізуді жоспарлап отырмын, себебі музыкада алдыға ілгерілегім келеді. Мен шоу-бизнестің нағыз эпицентріне көшуім керек. Мұндай тәжірибені бұған дейін де басымнан өткерген болатынмын, музыкамды жетілдіру үшін үш жарым жыл бойы Қытайда болдым. Алайда мен үшін ең сүйікті орын – отбасым бар жер болып қала береді", - дейді Димаш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898299-kosuim-kerek-dimas-qudaibergen-qazaqstannan-qaida-ketpeksi-video/

pixel