Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Жұмаділов: Ата-анам ажырасқанда мен әкеммен кетіп қалдым

Опубликовано:

Данияр Жұмаділов
Данияр Жұмаділов. Фото: Видеодан кадр

Отандық "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов отбасының басынан өткен қиын кезеңдерді есіне алды. Көпбалалы отбасыда өскен әзілкеш ата-анасының екіге айырылысып кетуін аса ауыр қабылдағанын мойындады. Ол ата-анасы ажырасқанда әпке-қарындастарының барлығы анасымен қалған кезде, бір өзі ғана әкесімен кетіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Данияр Жұмаділов отбасына қатысты бұған дейін еш жерде айтпаған сырымен "Ең алғашқы" бағдарламасында бөлісті. Өнер иесі КВН әлемінде жеткен әрбір жеңісінде әкесінің айтарлықтай үлесі бар екенін айтып, эфир кезінде оған алғысын білдірді. Әзілкештің сөзінше, асқар тауы әкесі әрбір бастамасына қолдау білдіріп, оның өз мақсатына түбі жететініе ерекше сенген .

Жұмаділов сұхбат барысынды ата-анасының ажырасып кеткенін растап, жанұясы үшін ауыр тиген кезеңді есіне алды. КВН жұлдызы олардың жолдары екіге айырылғанда әкесімен бірге кетуді жөн көрген. Себебі, барлық әпке-қарындастары анасымен қалып қалған.

"Әкеме рахмет айтқым келіп тұр. Сол кісі болмаса, мен бұл жетістіктерге жетпес па едім. Ол маған сенді, қолдау бідірді. Папа, үлкен рахмет. Бәрі сізің арқаңызда. Өмір бойы армандаған кубокты жеңген соң, оны әкеме әкеліп бердім. Оған жеңімпаз медалін кигізіп, тізерлеп отырып қолынан сүйіп, өз рахметімді айттым. Әкемді кінәлағым келмейді. Бұл өмір. Сегіз-тоғыз жасымда маған әкем тәрбие берген. Ол кезде әкем мен шешем бөлек тұратын. Олар ажырасқан. Сол бала кезімде папамды аяйтынмын.
Ол жалғыз өзі, қарны ашады деп ойлайтынмын. Сол кезде мен папамды тастамағанмын. Барлық әпке-қарындастарым анаммен тұрған. Ал мен әкеммен кетіп қалдым. Сол кезде әкем ішімдікке салынып кетпеді, өзін-өзі жоғалтып алған жоқ. Мені аяққа тұрғызамын, адам қыламын деп күні-түні тынбай жұмыс істеді. Маған ерекше тәрбие берді. Мен анамды да жақсы көремін. Осы дүниеге мені әкелген анам ғой. Бірақ, мен ең бастысы әкеме рахмет айтқым келіп отыр. Ол кісі әрдайым мен үшін түпнұсқа, ал мен көшірмесі болып қаламын" , - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898303-daniyar-zumadilov-ata-anam-azyrasqanda-men-akemmen-ketip-qaldym/

pixel