Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күтіп отырмыз": Жахан мен Балжанның үйлену тойы қашан болмақ

Опубликовано:

Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев
Фото: instagram/bidash_official

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі атанған Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш үйлену тойларын қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Жас жұбайлар көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан мен Балжан өз үйлену тойларын дүркіретіп атап өтуге асық екендерін жасырмады. Алайда, карантин режимі қос ғашықтың бар жоспарларын әзірге тоқтатып тұр.

Олар рұқсат берілген жағдайда тіпті күні ертең дүбірлі шара ұйымдастыруға дайын екендерін алға тартты.

Сонымен қатар, жас жұбайлар өз қуаныштарының тізгінін кімге беретінін ашық айтты. Белгілі болғандай, Жахан мен Балжанның үйлену тойын танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов басқарады.

"Жалпы мен үйленбестен бұрын, Балжанды кездестірместен бұрын "үйленсем, тойымды Нұрболхан жүргізеді" дегенмін. Сол себепті, Алла амандығын берсе Нұрболхан және Атырауда бір асаба інім бар. Өзім де тамадамын ғой, сол жолда жүріп өзім кезінде үйреткен інім бар. Шәкіртім деп толық айта алмаймын, бірақ үйреттім, ақылымды айттым. Дамир Мырзагереев деген інім екеуі басқарады.
Шынымды айтсам, рұқсат берсе, ертең-ақ барып жасауға дайынмын. Күтіп отырмыз. Жаман атты болғым келмейді. "Актерлар той тойлап, қарапайым халыққа жасатпайды" деген сөзге ілінгім келмейді. Біз Балжанды сырға салып алып кеткен кезде наурыз айында той жасаймыз дегенбіз. Бұйртса сол айға үміттіміз. Той Орал қаласында болады" , - деді Жахан Отарғалиев "Алматы" арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898401-kutip-otyrmyz-zaxan-men-balzannyn-uilenu-toiy-qasan-bolmaq/

pixel