Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасым 36-да, әлі болған емес": Әсел Сәдуақасова интимді өмірі туралы сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Фото: Instagram/asselsadvakassova

Отандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова оқырмандарына барынша ашылып, желіде оларды қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап берді. Өз көкейінде жүрген сауалдарын жолдаған көпшілік өнер иесі жайында бірқатар тың мәліметтер біліп алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Сәдуақасова өз жанкүйерлеріне барынша жақын болу мақсатында Instagram парақшасында арнайы сауалнама ашып, олардың сұрақтарына рет-ретімен жауап бере бастады.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі актрисадан бірден жеке өмірі жайлы сұраған. Алайда, ол өзінің қарым-қатынасы жайлы айтудан бас тартты.

"Жеке өміріме қатысты жолданған сұрақтар жетерлік. Барлығына осы жерде жауап беріп тастайын. Мен онсыз да халық алдында жүрген адаммын, мен өзім де сіздерге көп нәрсе айтып беремін, көп мәліметпен бөлісемін. Алайда, мен бұрыннан бері жеке өмірім тек өзім үшін ғана деп шешіп қойғанмын. Ол жайында айтқым келмейді" , - деп қысқа қайырды ол.

Сонымен қатар, Сәдуақасованың жанкүйерлері оған қандай ер-азаматтар ұнайтынын біліп алмақ болды. Актриса бұл сұрақты жауапсыз қалдырмай, өзінің болашақ жарының бойынан көргісі келетін қасиеттерді тізіп шықты.

"Бастысы ер адамның адамгершілігі мол болу керек. Мені әркез қолдай алатын, жұбата алатындай болса деймін. Менің өз мінезім қатты болғандықтан қасымда менен де мықты адамның болғанын қалаймын. Әйтепесе, мен оны ерте ме, кеш пе жеп қоямын. Балалар мен жануарларды жақсы көрсе тіпті жақсы болар еді. Ақылды, жомарт, әзілді жақсы түсінетін әрі жұмыс істегенді жақсы көретін жігіттер ұнайды" , - деді ол.

Ал кейбір желі қолданушылары тіптен ерсі сауалдарға кіріскен. Олардың бірі өнер иесіне интимді қатынасы туралы сұрады. Бірақ, Сәдуақасова ыңғайсыз сұраққа әзілмен жауап берді.

"Менің жасым 36-да. Мен әлі де интимді қатынаста болмағанмын" , - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898479-asel-saduaqasova-men-intimdi-qatynasta-bolgan-emespin/

pixel