Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Текті жерден шыққан": Рамазан Стамғазиев алғашқы махаббаты туралы айтып берді

Жарияланған күні:

Рамазан Стамғазиев
Фото: Видеодан кадр

Танымал дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев алғашқы махаббаты туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі жарына дейін өз сыныптасына ғашық болған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рамазан Стамғазиев өзінің жас кезіндегі махаббат хикаясымен бөлісіп, көпшілікке жан сырын ақтарды. Әнші өзіне қатысты ел білмейтін жайттарды "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында ақтарған.

Белгілі болғандай, өнер иесі өмірлік жарын кездестірмей тұрып, мектеп қабырғасында өзінің сыныптас қызына ғашық болған.

"Оқып жүргенде қыздарға ғашық болған кездеріміз болды. Ол кезде Ұлтуды таныған жоқпын. Алғашқы махаббатым - Гүлнара есімді қыз. Екеуміз бірге оқыдық, бірге жүрдік. Біз төртінші сыныпта орталыққа келіп оқитынбыз. Сонда Шырғанақтың бөлімшелеріндегі балалар орталыққа келіп оқитын. Сол кезде таныстық. Сыныптағы ең әдемі қыздардың бірі болды. Тоғызыншы сыныпқа қарай жақын сөйлесе бастадық, азды-көпті сырымызды айта бастадық. Оныншы сыныпта мені әскерге шығарып салды. Ол кезде маған үнемі хат жазып тұрды.
Бүгін Гүлнара өмірде жоқ. Ол өмірден өтті. Мен әскерден келген соң, оқуға түскен кезде біраз кездесіп жүрдік. Мен осы жақта, ол ауылда болды. Содан кейін болар, бір-бірімізді іздеуден алшақтап кеттік. Ол мені әскерге шығарып салып, екі жыл күтті. Ұлтуға ол жайында тек үйлену тоймыздан кейін айттым. Гүлнара өте текті жерден шыққан, жақсы оқитын. Біздің сыныптағы үздік оқушылардың бірі болды. Аздап өлең айтатын. Жігіттердің барлығы оған ғашық еді. Ол қолжетпес қыз болды" , - деп ағынан жарылды Стамғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898634-tekti-zerden-syqqan-ramazan-stamgaziev-algasqy-maxabbaty-turaly-aityp-berdi/