Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйзеліске түстім": Гаухар Әлімбекова басынан өткен ауыр кезеңді есіне алды

Жарияланған күні:

Гаухар Әлімбекова
Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Гаухар Әлімбекова басынан өткен ауыр жағдайлар салдарынан ұзақ уақыт бойы күйзелістен шыға алмай жүргенін мойындады. Өнер иесі сот мәселесінен кейін, жанашыр ағасы қайтыс болып тіптен тұңғиыққа түсіп кеткенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптен бері ел алдына шықпай кеткен Гаухар Әлімбекова өзінің сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Әнші өміріндегі ауыр кезеңдерден кейін өнерден біраз уақытқа үзіліс алуға шешім қабылдаған.

Эстрада жұлдызы басынан өткен даулы сот үрдісінен кейін сүйікті ағасынан айырылып қалған. Жақынының қазасы оған қатты әсер еткен. Өнер иесі ұзақ уақыт бойы күйзелістен шыға алмаған.

Әлімбекова өзінің өмірлік жолында орын алған қиын сәттерін "Алматы" арнасына берген сұхбаты барысында есіне алды.

"Осы уақытқа дейін басыма түрлі жағдайлар түсіп, біраз күйзеліске түсіп үйде отырып қалдым. Одан енді шыға берген кезде өмірде де, өнерде де өзінің ағалық жолын көрсетіп жүрген туған бауырым Асылхан қайтыс болды. Өзі алты ағам бар еді. Ең үлкенінен айырылып қалдық. Ол кісінің өнерден хабары болатын. Кез келген жаңа туыным шықса, соған бірінші тыңдатқызатынмын. Артық-кем жерін айтатын. Асылхан өнерді қатты түсінетін еді. Аңам өмірден өткен соң, одан бетер тұңғиыққа түсіп кеттім. Сондай ауыр кезең болды. Өнердегі бір оң қанатым сынғандай болды. Содан өзімнің есімді жинай алмай қалдым. Мен бүгінде енді ғана өз-өзіме келіп жатқан жайым бар" , - деді Гаухар Әлімбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898643-kuizeliske-tustim-gauxar-alimbekova-basynan-otken-auyr-kezendi-esine-aldy/