Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабырғамыз қайысты": Туған інісінен айырылған Рамазан Стамғазиев өкінішін жеткізді

Опубликовано:

Рамазан Стамғазиев
Фото: Видеодан кадр

2020 жылы орын алған коронавирус пандемиясы Рамазан Стамғазиевтың отбасына да аса ауыр тиген. Қауіпті дерт өршіп тұрған уақытта өнер иесінің туған інісі сырқаттанып, мезгілсіз өмірден өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рамазан Стамғазиев отбасында орын алған қайғылы жағдай туралы жан сырын ақтарып, сол кезден бері ішінде қалып қойған өкінішін жеткізді. Әнші өміріндегі ауыр кезең жайлы "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берген.

Белгілі болғандай, өнер иесінің інісі ауруханарда жатқанда дүниеден өтеріне бір күн қалғанда оған түнгі уақытта қоңырау шалған екен. Ол ағасына өзін ауруханадан алып кетуін сұраған.

"Бармақты тістеген кездер ғой. Бірінші 2007 жылы әкем өмірден озып кетті. Одан кейін ортамыз ойсырап, қабырғамыз қайсып қалды. Ақыл айтып, жол сілтеп жүрген әкеден айырылу да оңай түспеді. Қатты орылып түіп кеттік. Одан кейін ағам өайтыс болды. Ол қатты ауырды, өлім мен өмірдің арпалыс жолдарын көрді. Қан түкіріп, түнімей ұйықтай алмады. Осыдан бір жыл бұрын сол үлкен ағамның ұлы көз жұмды. Жап-жас 19 жастағы баланы көлік қағып кетті. Үйленгеніне жарты жыл ғана болған еді.

Өзіміз ар жағымызды берік ұстағанымызбен анамыздың қайғысын көру қиын болды. Баласынан айырылған ананың күйзелгенін айтып жеткізу емес. Ал енді биыл ортамыздан Ерланның кетуін тіпті айта алмаймын. 50 жылдығына дайындалып, концерт ұйыдастыру үшін шапқылап жүрген адам кенеттен ауырып қайтыс болды. Айрандай ұйып отырған отбасымыздың он ек мүшесі аман, тілі сайрап отырған, бір жағынан тірегіміз болып отырған бауырдан айырылдық та қалдық. Бәріміз қатты күйзеліске түстік.

Түнімен ұйықтамадық. Дәрі іздедік, еш жерде жоқ. Кислород жоқ. Өзі бір қиын кезең болды ғой. Тіпті емдейтін дәрігер жоқ. Дәрігердің өзі ауырып жатыр. Туғаныңның көз алдыңда кеткені ауыр екен. Жатқызарға жер таппадық. Талғардан орын тапқанымызбен, диагноз қояр адам болмады. Кейбір жандарға моргта марқұмның сүйегін де бермеді. Бірақ, біз әйтеу жерлеп, жаназасын мұсылманша шығардық. Зиратын әкеміз бен ағамыздың жатқан жеріне қойдық. Жетілігінде де, қырқында да адам жиналған жоқ. Осындай жағдайлар жанымды қозғайды" , - деді Рамазан Стамғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898686-qabyrgamyz-qaiysty-tugan-inisinen-aiyrylgan-ramazan-stamgaziev-okinisin-zetkizdi/

pixel