Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйде бір жұлдыз ғана болу керек": Динара Сұлтан неліктен жолдасын жасыратынын айтты

Опубликовано:

Динара Сұлтан
Фото: Instagram/dinara_sultan1

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан отбасына қатысты бірқатар тың мәліметтермен бөлісті. Әдетте, жанұясы жайлы көп айта бермейтін өнер иесі бұл жолы ашылып, жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін қалың көпшілікке жолдасын көрсетпей келген Динара Сұлтан бұл жолы оған қатысты бар шындықты айтты. Әнші оны не себепті елден жасыратынын түсіндіріп, ел көкейінде жүрген сұраққа жауап өзі берді.

Өнер иесі отбасына қатысты жан сырын "Ревю" бағарламасында ақтарған.

"Мен алты балам болса да ешқашан шығармашылығымды тоқтатқан емеспін. Отау құрар алдында жолдасыммен бірге келісімшартқа тұрдық десек те болады. Сол кезде ол маған "сен шығармашылығыңмен айналыса бер, бұл Алланың саған берген сыйы" деген болатын. Мен оның сөздерін ескере, өзім үшін шығардым. Егер мен шығармашылықпен айналыссам, жанұяма ешқандай кесірін келтірмеу керек деп ойладым. Тәрбиеде де, қарым-қатынаста да өзгеріс болмау керектігін ұғындым. Мен үшін әрқашан бірінші орында отбасымның мүддесі, бала-шағам тұрады.
Бала күтіміне қатысты менің бір бала күтушім ғана бар. Ол менімен 12 жыл бірге жұмыс істеп жатыр. Алтыншы баламды дүниеге алып келгенде "осымен болды ма, доғарасың ба?" деп қалжыңдасқан болатын. Жұбайымды неге жасыратынымды айтып өтейін. Ол маған "Біздің үйде бір жұлдыз ғана болу керек. Ол сенсің" деген болатын. Жолдасым "үй де, әлеуметтік желіде де бізде бір жұлдыз ғана, мен шықпай-ақ қояйын сен жүре бер" деп айтады" , - деді Динара Сұлтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899004-uide-bir-zuldyz-gana-bolu-kerek-dinara-sultan-nelikten-zoldasyn-zasyratynyn-aitty/

pixel