Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғашықтар жыры", "Бозжорға": Марқұм Шөмішбай Сариев сөзін жазған танымал әндер (видео)

Опубликовано:

Шөмішбай Сариев
Фото: Видеодан кадр/Qazaqstan арнасы

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев дүниеден өтті. 75 жасқа қараған шағында дүниеден озған ақынның артына қалдырған асыл мұрасы жетерлік. KAZ.NUR.KZ бүгінде көптің аузында жүрген, ақын сөзін жазған танымал әндерді назарыңызға ұсынады.

Шөмішбай Сариев сөзін жазған "Ғашықтар жыры" Мақпал Жүнісова мен Сембек Жұмағалиевтің орындауында көпшілікке жақсы таныс.

Ал "Бозжорға" әнін осыған дейін "На-на" тобы, қазірде Төреғали Төреәлі орындап жүр.

Бауыржан Исаевтың орындауындағы "Аяулым" әнінің сөзін де Шөмішбай Сариев жазған.

Сондай-ақ Маржан Арапбаева мен Еркін Мәуленнің, Алтынай Жорабаеваның, "Кешью" тобының орындауындағы "Сәлем саған, туған ел" әні мен Медеу Арынбаев орындайтын "Өмір-өзен" әні де марқұм шығармашылығының жақұттары.

Халықтың сүйікті әніне айналған "Сағындым, сағым жылдар" әні Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған. Бұл ән халыққа марқұм Мадина Ералиеваның орындауында танылған.

Ақынның сөзіне жазылған тағы бір хит әнді Нұрлан Өнербаев орындайды.

Айта кетейік, Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін аяқтаған соң, Қазалы аудандық "Ленин туы" және Арал аудандық "Толқын" газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

1970-1974 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған.

1994 жылы "Жазушы" баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899044-gasyqtar-zyry-bozzorga-marqum-somisbai-sariev-sozin-zazgan-tanymal-ander-video/

pixel