Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынайы өмірім қайнап жатыр": Ерке Есмахан жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан бақыттан басы айналып, көп нәрсеге уақыт таба алмай жүргенін ашық айтты. Өнер иесі сүйіктісіне ессіз ғашық болып қалғанын растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына ашылып, оларға өзінің ғаламтор кеңістігінен алыстап кетуінің себебін түсіндірді. Әншінің айтуынша, бүгінде ерекше махаббат сезіміне тап болған ол ғашығынан басқаға уақыты жоқ. Ол тіпті әлеуметтік желілерге деген қызығушылығы жоғалып кеткенін алға тартты. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында айтты.

"Инстаграмға деген қызығушылығым жоғалып кетті. Бұрынғыдай суретке түсіп, сторис салуға мауқым жоқ. Инстаграмсыз шынайы өмірім қайнап жатыр: бақыттымын. Қатты сүйіп қалдым, мені де дәл солай сүйеді. Бірақ инстаны да ұмытпау керек. Не істейін, көмектесіңдер" , - деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары бірден Еркенің жазбасына жарыса жауап беріп, оған желіден жоғалып кетпей байланысқа шығып тұруын сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан Ninety One экс-мүшесімен кездесіп жүргенін растаған болатын. Өнер иесі жеке өміріне қатысты тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойып, өз шындығымен бөлісті. Әнші атышулы "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.

Қос ғашықтың Дубайдағы ортақ демалысы желіде қызу талқыланған еді. Ғаламторда тіпті олардың суреттері тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899135-synaiy-omirim-qainap-zatyr-erke-esmaxan-zeke-omiri-turaly-bar-syndyqty-aitty/

pixel