Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей: Халық Димаштың өнеріне мұқтаж емес

Жарияланған күні:

Қайрат Әділгерей
Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Отандық танымал актер Қайрат Әділгерей бүгінде қазақ атын күллі әлемге паш етіп жүрген әнші Димаш Құдайбергенге және оның шығармашылығына қатысты өз ойын айтты. Оның пікірінше, ғажайып дауысты жұлдыз биікте жүрсе де, халық оның өнеріне мұқтаж емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей өнердегі інісі Димаш Құдайбергеннің әндері не себепті халық арасында кең таралмағанын түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, бұл жайтқа қоғамның музыкалық сауатсыздығы себеп болса керек.

Өнер иесі ғажайып дауысты әншінің әлемдік деңгейде жұлдызы жанғанымен, өз елінде оған деген сұраныс аз екенін ашық айтты. Қайрат Әділгерей бүгінде қазақ халқы оның өнеріне мұқтаж емес екенін алға тартты.

Сонымен қатар, ол Бағым Мақсатқызының Димашты сынға алған сәтін есіне алып, белгілі продюсерді толығымен қолдап шықты.

"Бағым Мақсатқызы сол кезде кәсіби тұрғыда өте дұрыс пікір білдірген болатын. Иә, ол кезде Димаш жас болды. Небәрі 17 еді. Қазір Димашқа қарсы айтылған әңгіменің барлығы оған плюс болып кетіп жатыр. Талантты танымай жатыр деген сияқты әңгімелер ғой. Бағым Мақсатқызы емес Димашты танымай отырған, жалпы қазақ қазір Димаш биікте жүрсе де әлі танымайды. Димаштың өнеріне мұқтаж емес. Неге? Өйткені біздің музыкалық сауатымыз, деңгейіміз жоқ.
Қазақты әлемге танытып жүрсе де Димаштың деңгейіндегі музыка тыңдайтын халық аз. Себебі сауатсыз әншілер құлақты бітеп тастаған. Соларды, жеңіл әндерді дәріптейді бізде. Ал егер радио, телевидениеден симфониялық, жақсы фирмалық әндерді тыңдата берсек жұрттың музыкалық деңгейі өсер еді. Сонда олар таланттың бағасын білер еді. Талғамды қалыптастыратын – өнерпаздар" , - деді Қайрат Әділгерей Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899161-qairat-adilgerei-xalyq-dimastyn-onerine-muqtaz-emes/