Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше образдарын паш еткен Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде ерекше образдарын көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Әншінің жанкүйерлері тіпті оны фотодан танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова бұған дейін киіп көрмеген образдарын Instagram парақшасында паш етті. Әншінің ерекше стильдегі фотосессиясы желі қолданушылардың көңілінен шығып, толассыз жүрекжарды пікірлерге ие болуда.

Желіде қызу талқыға түскен суретте өнер иесінің екі түрлі образда өзгеше шаш үлгісімен тұрғанын байқауға болады. Оның мұндай өзгерісіне дайын болмаған көпшілік өз таңданысын жасырмады. Кейбір оқырмандар тіпті шоу-бизнес өкілін танымай қалғанын айтты.

Алайда, пікір білдірушілер арасында Мадина Сәдуақасованың образдарын сынға алғандар да болды.

"Керемет образ, көз аламай тұрмын" , "Мадина бұл шынымен сіз бе? Жылдан жылға жасарып бара жатырсыз", "Танымай қалдым ғой. Қандай әдемісіз. Әркез неше түрлі образдарда шығасыз. Бәрі жарасады" , "Патшайым, сізге жетер ешкім жоқ" , "Шабытыңыз шарықтай берсін" , "Аса жарасып тұрған жоқ. Осындай суреттердің не қажеті бар?" , "Еріккен адамның ісі деп ойлаймын", "Жан-жақты дамып, түрлі образарды көріп жатқанның несі айып? Мадина ешкімді тыңдамаңыз. Бізге сіздің әр өзгерісіңіз ұнайды", "Күшті жарасып-ақ тұр. Енді сізден кейін бәрі қайталап шығады. Тренд жасайсыз ғой" , - деп жазды өз пікірлерін желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899177-erekse-obrazdaryn-pas-etken-madina-saduaqasova-eldi-ozine-qaratty-foto/

pixel