Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей: Түркістанның астана болуына қарсы емеспін

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер Қайрат Әділгерей Түркістан қаласының астана болуына қатысты өз пікірін білдірді. Белгілі әзілкеш киелі мекен елорда атанып жатса, бұл шешімді қос қолдап қолдайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей бүгінгі астананың жағдайын сипаттап, оның болашақта Түркістанға ауысқанына қарсы емес екенін алға тартты. Киелі мекенді өз көзімен барып көріп қайтқан актер өз әсерімен бөлісіп, не себепті ол қаланың елорда болғанын қолдайтынын түсіндірді.

Бұл туралы әзілкеш Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берді.

"Мемлекеттің қақпасы әуежай ғой. Содан түскен бойда, астанаға келген сайын көрініп тұрады ғой. Бәрі, LRT да көрініп тұр. Оны ақыры бітіреміз деп жатыр екен. Ол үшін тағы инвестиция тартамыз деді ғой. Бітіру керек енді. Әйтпесе болмайды ғой. Қаланың қақ ортасында тұр. Астанада енді проблема жоқ қой. Сөзсіз әдемі қала. Мемлекеттің бар бюджеті осы қалаға салынып жатыр.
Мен Түркістанды көріп қайттым. Мен ол жерге сондай ақша салынып жатқанына өте қуандым. Түркістандағы ғимараттардың көтерілгеніне өте риза болып қалдым. Өйткені, ол біздің киелі астанамыз ғой. Тіпті, Түркістанның астана болып кетуін мен қос қолдап қолдаймын. Астана жылы болу керек. Туристер тек жылы жақтарға ағылып барады. Түркістан ол жағынан күшті жауап береді. Мен қазанның аяғында болған кезде жапониялықтар, қытайлықтар, көптеген шетелдік туристер демалып жүрді" , - деді Қайрат Әділгерей.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Әділгерей Димаш Құдайберген мен оның шығармашылығына қатысты пікір білдірген еді. Әзілкештің айтуынша, ғажайып дауысты әншінің өнеріне халық бүгінде мұқтаж емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899183-qairat-adilgerei-turkistannyn-astana-boluyna-qarsy-emespin/

pixel