Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оранып нан таппайсың": Ақбота Сейітмағамбет не себепті хиджабын шешкенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Ақбота Сейітмағамбет хиджабпен
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет неліктен хиджаб киіп, кейін оны шешіп тастағанын ашып айтты. Желіде сол үшін ел қаһарына ұшыраған әнші көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет өзінің хиджабты бір киіп, бір шешкенін оған дайын болмағанымен байланыстырады.

Алайда, өнер иесі болашақта тағы да орануға ниетті екенін айтты. Әнші бұл шешімін "Ревю" бағарламасында түсіндіріп өтті.

"Сөздің ашығына келетін болсам, мен үшін хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды. Өнер жолында ұзын киіп, етекті жауып, оранып нан таппайсың. Ал Instagram желісінде көбісі сұрақ қояды. Оның сексен пайызы оранбаған қыз-келіншектер - маған ақыл үйрететіндер.

Ал оранған әпкелеріміз керісінше мотивация береді. Бұл жағдай менің дайын болмай келгенімнен шығар деп ойлаймын. Егер мен дайын болып келсем, мүмкін хиджабты өмірімнің соңына дейін киер едім.

Мен бәрібір де әлі үмітімді үзбеймін. Қанша жасқа дейін өмір сүретінімді бір Алла біледі. Алайда, кейін мен немерелерімнің көзінше ашық-шашық болып отырғым келмейді.
Ең бастысы жүректе иман бар. Хиджабқа ешқандай күйзеліс салдарынан келген жоқпын. Біріншіден, хиджаб ешқандай да ойнайтын нәрсе емес. Екіншіден, мен күйзеліске түскен күннің өзінде Instagram желісінен жоқ болып кетемін. Бір-екі апта бойы кұйзелісте жүргенімді көрсетпеймін. Себебі, менің проблемам біреуге керек емес" , - деді Ақбота Сейітмағамбет.

Сонымен қатар, Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен араласып тұратынын мойындады. Ол бұрынғы жолдасын балаларының әкесі ретінде сыйлайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899198-aqbota-seiitmagambet-ne-sebepti-xidzab-kiip-keiin-sesip-tastaganyn-tusindirdi/