Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ тіліндегі кітапқа шүйліккен Айқынның өзі қатаң сынға ұшырады

Жарияланған күні:

Айқын Төлепберген
Фото: Instagram/aikyn

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген "Гарри Поттер" кітабын қазақ тіліне аударғандарды сынап тастады. Өнер иесі олардың жұмысына көңілі толмағанын ашық айтып, өз наразылығын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы аңызға айналып кеткен кітапты қазақшалаған аудармашыларға деген пікірін Instagram парақшасы арқылы жеткізген.

Айқын Төлепберген олардың сіңіп кеткен сөздерді аударып тастағанына шүйлігіп, оны істеудің қажеті жоқ екенін алға тартты.

"Осы аудармашыларды түсінбеймін. "Шаш ал десе, бас алатын". Гарриді-Хәрри қылып, Гермионаны-Хәрмиона, Джонды-Джөн қылып не керек Онда Ингләнд, Скотләнд, Айриш, Стэйт, Фғансе, Джунго(Қытай), Холланд, Бғазил, Португэл деп бүткіл атауды өзгертіп тастайық. Сіңіп кеткен сөздерді өзгертудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Одан соң аэропорт, витамин тағы да басқа халықаралық, аударуға келмейтін сөздерді, әуежәй мен дәрумен деудің не қажеті бар" , - деп жазды өнер иесі.

Алайда, шоу-бизнес өкілінің желідегі оқырмандарының басым бөлігі оның бұл пікірімен келіскен жоқ. Олардың ойынша, аталмыш кітап керемет аударылған.

Нәтижесінде аудармашыларға көңілі толмаған Айқын Төлепберген өзі де сынға ұшырады. Қалың көпшілік әншінің айтып отырған сөздері мүлдем орынсыз екенін жазуда.

"Тілді "зачем" деп құртып тұрған сіз ғой бұл жерде. Сын- шын болсын. Сына егер ағылшын тілін жақсы білсеңіз. Орыс тілінің ықпалынан шығатын уақыт баяғыда болды. Қазақ тілінде ә, ң дыбысы бар. Ағылшында да бар ол. Сондықтан неге біз орыс тіліне қарай әдеттенеміз" , "Дұрыс аударылған! Ағылшын тілін аударған кездегі бұл транскрипцияны қолданылуы", "Өте орынды аударған! Гарри, Роулинг деген орыс тілінде! Ағылшын тілінен хабары бар адам біледі, оригиналында Rouling-Роулиң деп оқылады, Harry-Хәрри деп және тб" , "Лингвист ретінде, сізге айтарым араласпай-ақ қойыңыз, тіл маманы болып біз сізге қалай ән айту керегін үйретіп жатқан жоқпыз. Хәрри де, Роулиңгте қазақ тілі фонетикасы сәйкес. Ұятқа бұлай қалмағаныңыз жөн" , - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899240-qazaq-tilindegi-kitapqa-suilikken-aiqynnyn-ozi-qatan-synga-usyrady/