Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артур Төлепов Алматы қаласындағы аудан әкімінің кеңесшісі болды

Опубликовано:

Артур Төлепов
Фото: Instagram/arturtolepov

Отандық танымал актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Өнер иесі бұл жаңалықпен өзі бөлісіп, халықтан қолдау сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Артур Төлепов өзінің лауазымды қызметке тағайындалғаны туралы Instagram парақшасында хабарлаған. Белгілі актер жаңа жұмысына қатысты жазба жариялап, қандай мәселелермен айналысатынын баяндап берді.

"Иә, достар! Солай болып жатыр. Алланың қалауымен, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Маған сенім білдірген аудан әкімі Қалдыбеков Азамат Бескімпірұлына рақмет! Дүниедегі ең оңай жұмыс - кеңес беру ақыл айту. Ең қиыны - біреуге айтқан кеңесің мен ақылыңды өзің жасау. Сондықтан, жап - жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алатау ауданындағы "Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің жұмыстарын да мойынымызға алып жатырмыз.

"Adaldyq alany" - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жобасы. Мақсаты - жемқорлыққа апаратын салдарды анықтау және болдырмау. Әсіресе, тұрмыстық коррупцияның алдын - алу. Жобаның фронт - кеңселері еліміздің барлық облыс орталықтары мен аудандарында бар. Соның бірінің жұмысы енді бізге жүктеліп жатыр. Әрине, жемқорлықты жою, болдырмау - біз үшін қиял - ғажайып ертегі немесе фантастикалық әңгіме болып көрінуі мүмкін. Бірақ, әр ертегінің соңында адалдықтың мұратқа жететіні секілді, біздің өмірімізде де адалдық жеңіске жетуі керек емес пе? Адалдықтың ақ туының астында арамдыққа, ұрлыққа, жемқорлыққа орын жоқ.

Мемлекеттік қызметтегі жемқорлық елдің қыруар саласын тұралатты, елім, жерім деген талай азаматтың жолын кесті. Оны мойындау керек. Коррупция күшейгесін ғой әр өңірде "Adaldyq alan - дарының есігін айқара ашып жатқаны. Абайдың "Адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі" - деген сөзіне қалай ойланбайсың? Осы сөзді әр азамат мақсаты пен мұратының межесі етіп белгілесе екен. "Ақын болу - өз еркің, Азамат болу - міндетің!" - дегендей актёр, әнші болу еркімдегі шаруа ғой. Өнер - менің еркіндігімнің әлемі. Алайда, қоғамдық - саяси жұмыстарға араласу - біздің азамат ретіндегі міндетіміз. Әрине бұл жолда сіздердің де қолдауларыңыз, ұсыныс - пікірлеріңіз керек. Өйткені, жемқорлықты Артур Төлепов емес, адалдық жеңеді. Ал, адалдық патшалығын "Adaldyq alany" кеңсесі емес халық құрады. Сол халықтың бірі бол" , - деп жазды Төлепов.

Желі қолданушылары өнер иесін жаңа қызметке келуімен құттықтап, оған өз ақ тілектерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899467-artur-tolepov-almaty-qalasyndagy-audan-akiminin-kenessisi-boldy/

pixel