Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Араласу жоқ": Дидар Кәден алғаш рет экс-әйелімен арақатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Дидар Кәден мен Айым Алтынбекова
Фото: Gakku.kz

Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден алғаш рет экс-жұбайы Айым Алтынбекова туралы сұхбат берді. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі бүгінде бұрынғы әйелімен қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптен бері бұрынғы өмірі жайлы сұхбат бермеген Дидар Кәден бұл жолы ашылып, экс-жұбайымен бүгінгі арақатынасы туралы бар шындықты жайып салды. Белгілі болғандай, бұрынғы ерлі-зайыптылардың сәлемі түзі болғанымен, олар өзара аса араласпайды екен.

Бұл туралы Лидия Кәденованың ұлы "Алматы" арнасына берген сұхбаты кезінде айтып берді.

"Негізі қарым-қатынасымыз жақсы, сәлеміміз түзу. Жасыратын нәрсе емес. Ғаламтор желісінде неше түрлі қауесет тарап кетті ғой. Бірақ, дегенмен өмірде олай емес. Араласу жоқ болғанымен сәлеміміз түзу. Бала бар деген сияқты" , - деді Дидар кәден.

Сонымен қатар, сазгер өзінің алимент төлемей жүргеніне қатысты қауесеттерге нүкте қойды.

"Негізі бұл дұрыс тарамаған ақпарат. Басқаша айтылған нәрсені хейтерлер басқаша кері мағынада өрбітіп жіберген. Былайша айтқанда, басты мақсат - мені жаман атты қылу. Бірақ, менде ондай жоқ. Келісілген нәрсе бар. Ол өз ретімен орындалуда. Құрысын өзімнің балам ғой. Махаббатпен дүниеге келген бала. Оны ешқандай бөліп жару деген жоқ. Қолымнан келгеннің бәрін істеймін" , - деді ол.

Еске сала кетейік, Дидар Кәден бұған дейін Айым Алтынбекова есімді арумен шаңырақ көтеріп, дәм-тұздары жараспай ажырасып кеткен болатын. Олардың ортақ Дияр есімді ұлдары бар. Бүгінде ол анасымен бірге тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899515-aralasu-zok-didar-kden-algas-ret-eks-jelimen-arakatynasy-turaly-ajtty/