Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айнымай қалған": Анасын бейнебаянға түсірген Айқын елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген анасымен
Фото: Instagram/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айқын Төлепберген желіде анасымен түскен суретін жариялап, қалың көпшілікті қуантты. Желідегілер анасы мен баласына сүйсініп, оларға өздерінің жылы лебізін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген анасымен түскен ерекше фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда әнші мен оның анасының сәнді киініп алғанын байқауға болады. Анықталғандай, аталмыш сурет кезекті бейнебаянның түсірілімі кезінде жасалған.

Өнер иесінің айтуынша, бұл жолы ол клипке анасын түсірген.

"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды. Анамыз бүгін жұлдыз болды, бейнебаянға түсті" , - деген жазба қалдырды Айқын фото астына.

Желі қолданушылары әртіс пен оның анасына тәнті болып, оларға деген ыстық ықыластарын жеткізді.

"Аналар ұзақ жасасын" , "Анаңызды түсіргеніңіз өте жақсы жаңалық. Қандай бейнебаянда көре аламыз?" , "Анаңыз сондай сұлу екен" , "Анаңыздан айнымай қалыпсыз ғой" , "Аналарымыз аман болсын" , "Асылым әжесіне ұқсайды екен ғой", "Анаңыз өте әдемі екен" , "Жұлдыз мамаңа ұқсайды екен. Тек жақсылықтарыңды көрсін" , "Анаңызды қуантып жүре беріңіз" , "Айя да, Аңсар да әжесіне ұқсайды" , - деп қызу талқы ұйымдастырды қалың көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген қазақ тіліндегі кітапқа шүйлігіп, өзі сынның астына қалған болатын. Өнер иесі "Гарри Поттер" кітабын қазақ тіліне аударғандардың жұмысына көңілі толмағанын ашық айтып, өз наразылығын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899655-ainymai-qalgan-anasyn-beinebayanga-tusirgen-aiqyn-eldi-tanti-etti-foto/

pixel