Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова: Бұдан былай аңдарды қинауға үлес қосқым келмейді

Опубликовано:

Жазира Байырбекова домбырамен ән салып тұр
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова аң терісінен жасалатын тон мәселесін тағы да көтерді. Бұған дейін қинап өлтірілген жануарлар терісінен жасалатын киімдерден түбегейлі бас тартқан өнер иесін желідегілер сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы өз жазбасында айтпақ болған ойын дұрыс түсінбегендерге Instagram желісінде жауап берді.

Жазира Байырбекова өз сөзімен ешкімді тон кимеуге шақырмағанын алға тартты.

Әнші әркімнің өз таңдауы болғандықтан, тіпті тон киіп жүруді жалғастыра беретіндерді де кінәламайтынын айтты.

Сонымен қатар, шоу-бизнес өкілінің өзіне орынсыз сыни пікірлер жаудырып жатқандарға да айтары бар екен. Ол бұған дейін өзі де тон киіп, оны жарнамалағанын жоққа шығармады. Алайда, өнер иесі осы сәттен бастап "жануарлардың қиналуына үлес қосқысы келмейтінін" жеткізді.

"Тон туралы әңгіме әлі жалғасып жатыр екен. “Терісін тірідей сыпырып, жанын қинап жасайтын құндыз (норка) енді кимеймін, сатып та алмаймын, жарнама да жасамаймын, ешкімге сыйламаймын. Аңдарды қинауға үлес қосқым келмейді” деген сөздерімді түсінбей жатқандарды түсінбеймін. Бұған дейін дейін кидім, сыйладым, жарнама жасадым, сатып та алдым. ”Бұдан былай” деген сөз түсінікті сөз деп ойлаймын.
Бірақ киіп жүргендерді кіналамаймын, ешкімге киме деп айтпаймын. Адалынан атып немесе бауыздап, қинамай терісін алатын киімдер де бар ғой. Мүлдем аңның терісінен бас тарту емес бұл. Тон үшін кредит алып, шубаңыз жоқ болғаныңыз үшін ұялып, тон әпермегені үшін күйеуіне ренжіп, қыздың артынан тон апара алмағаны үшін келінді төмендетін, тон үшін қиналмағандарыңызды қалаймын" , - деп жазды Жазира Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899663-zazira-baiyrbekova-andardy-qinauga-ules-qosqym-kelmeidi/

pixel