Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ел түсінбейді деп ойладым": Әлия Ануарбек алғаш рет күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

Әлия Әнуарбек жолдасымен
Фото: Instagram/aliya_anuarbek

Отандық танымал актриса Әлия Ануарбек жолдасы өмірден өткен соң, желіде оған қатысты жазбаларды көптеп жариялайтын болған. Бұған дейін жеке өміріне қатысты ештеңе айтпайтын өнер иесі күйеуінің қазасынан кейін барынша ашылып, оқырмандарына өзі жайлы тың мәліметтермен бөлісе бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлия Ануарбек бұл жолы алғаш рет қалың көпшілікке жолдасымен қалай танысқаны туралы айтып берді. Актриса бұл жайында бұрын-соңды еш жерде бөліспеген.

Белгілі болғандай, қос ғашық әлеуметтік желіде танысқан. Біраз уақыт бойы сөйлесіп жүрген жастар ақыр-соңы кездесуге бекінген. Өнер иесі екеуі көріскен күн туралы жан сырын Instagram парақшасында ақтарған.

"Мен жолдасыммен қалай және қайда танысқанымды бірде-бір сұхбатымда айтқан емеспін. Бүгін алғаш рет осы жайында айтып бермекшімін. Халық дұрыс түсінбейді деп ойлап, өзім де ұялып айтқым келмейтін. Екеуміздің таныстық туралы бірінші рет айтпақшымын. Біз Вконтакте желісінде таныстық. Мен өзіме жазған әрбір адамға жауап беруге тырысатынмын. Адамдар мені жұлдыз ауруына шалдыққан деп ойлап қалмасын деп ешкімді жауапсыз қалдырмайтынмын. Ал қазір менің шаруаларым бастан асады. Балаларым, үй шаруасы, жұмысым бар дегендей. Оқырмандарым мені түсінеді деген ойдамын.

Сонымен, бір күні мен өзіме келіп түскен хабарламаларға жауап беріп жатып, өзімнің тағдырыма тап болдым. Азамат екеуміз бір айдай сөйлестік. Маған онымен сөйлескен қатты ұнайтын. Оны білетін адамдар оның қаншалықты білімді, тәрбиелі, ақкөңіл, данагөй екенін жақсы біледі. Оның бойындағы жақсы қасиеттерді санап шығу мүмкін емес. Сол себепті, ол бірден маған ұнап қалды. Нәтижесінде ол мені кездесуге шақырады. Алайда, онымен көріспес бұрын мен алдымен әпкеме барлық хабарламаларын көрсетіп, одан рұқсатын сұраймын.

Таңғалғаным, әпкем еш қарсылықсыз мені жіберуге келіседі. Мен әпкем жібермей қояды деп ойлағанмын. Алайда, бұл жерде Азаматтың мені түскі уақытта кездесуге шақырғаны үлкен рөл ойнаған секілді. Кездесетін күніміз де келіп жетті. Мен үйден әрең шығып, қатты уайымдаулы күйде шығамын. Ол менің үйімнің қасына келіп, көлік ішінен күлімсіреп шығады. Сол сәтті мәңгіге жаттап алдым. Біз жапониялық мейрамханаға бардық. Мен оған және телефоныма қарай бердім. Ол кезде анам маған жағдайды сұрап хабарлама жазып жатқан" , - деді Әлия Ануарбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899882-el-tusinbeidi-dep-oiladym-aliya-anuarbek-algas-ret-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi/

pixel