RU

Динара Қырықбаева Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровпен кездесіп қалды (фото, видео)

Рамзан Кадыров Динара Қырықбаеваның қызымен
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Отандық танымал әнші Динара Қырықбаева бүгінде балаларымен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатыр. Ыстық мекенде уақыт өткізіп жатқан өнер иесі ол жерде Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровпен кездесіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева кездейсоқ орын алған жүздесу туралы өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Эстрада жұлдызы бұл жаңалықты бірден оқырмандарына жеткізуді жөн көрген.

Ол Рамзан Кадыровты көрген бойда оған қызымен суретке түсуге өтініш білдірген. Шешенстан басшысы қазақстандық әншінің бетін қайтармай, бүлдіршінмен қуана фотоға түскен.

Белгілі болғандай, Қырықбаеваның да, Кадыровтың қыздарының есімі Айша екен. Отандық жұлдыз мұны бірден саясаткерге айтып өтті.

Шоу-бизнес өкілі Шешенстан басшысы мен қызының фотосын қалың көпшілікке көрсетіп, кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Желі қолданушылары аталмыш суретті қызу талқылап, Кадыровтың асқан қарапайымдылығына тәнті болған.

"Неткен керемет кездесу болған" , "Президент деген осындай болу керек. Халыққа жақын, қарапайым", "Рамзан Кадыров көптеген саясаткерлерге үлгі болар тұлға. Сіздің жолыңыз болғыш екен. Мұндай адаммен кездескісі келетін қаншама адам бар" , "Керемет, кездейсоқ кездесу деген осындай болу керек" , "Неткен қарапайым еді. Балажан екені көрініп-ақ тұр" , "Дубайдағы демалыс жақсы басталған секілді. Сіздің даусыңыздан да бұл кездесуге қатты қуанғаныңыз білініп тұр" , "Айша қасында кім тұрғанын түсінбеуде" , - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900030-dinara-qyryqbaeva-sesenstan-bassysy-ramzan-kadyrovpen-kezdesip-qaldy-foto-video/