Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі мен жарының бесінші сәбиін күтіп жүргені рас па (видео)

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі мен оның жары бесінші сәбиін күтіп жүр. Бұл желі қолданушыларының болжамы. Оған ерлі-зайыптылардың желіде тарап кеткен видеосы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі мен оның келіншегі Толқын ғаламторда қызу талқыға қалды. Желі қолданушылары туған күн кешіндегі видеодан кейін ерлі-зайыптыларды сұрақтың астына алған.

Онда әнші мен жарының үйдің кенжесі Дина Әлиханқызының 18 жасқа толуына орай тілек білдіріп жатқаны көрініс тапты.

Қалың көпшілік бейнежазбадан Толқынның іші шығып қалғанын байқап, оның аяғы ауыр деп болжады. Аталмыш видео Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

"Толқын жарайсың, аман-есен босануыңызға тілектеспіз", "Керемет жаңалық қой. Іші шығып тұрғаны анық көрініп тұр. Төреғали тағы да әке атанбақ. Құтты болсын" , "Өте керемет жан. Келіндердің барлығы Толқындай болсын" , "Өнсін, өссін, көбейсін" , "Аяғы ауыр ма? Ішін көріп тұрмын" , "Толқын ханым жүкті екен ғой. Жақында тағы бір кішкентай Төреш дүниеге келеді" , "Жыл сайын бір баладан. Батыр анасың" , "Қуаныштарыңызға ортақпыз" , - деп жарыса құттықтауда желідегілер.

Алайда, айта кету керек, жұлдызды әулет ел арасында тарап жатқан ақпаратты әзірге нақты растаған жоқ.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Әлиханқызы туған күні дүркіреп өтті. Жұлдызды жанұя үй кенжесінің 18 жасқа толуына орай мерекелік кеш ұйымдастырып, оған су жаңа пәтердің кілтін табыстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900307-toregali-toreali-men-zarynyn-besinsi-sabiin-kutip-zurgeni-ras-pa-video/

pixel