Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жасқа толған Төреғалидің қарындасына отбасы пәтер сыйлаған (видео)

Опубликовано:

Дина Әлиханқызының туған күн кеші
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі қарындасының 18 жасқа толуына орай, ет-жақындарына мерекелік кеш ұйымдастырды. Жұлдызды әулет кенже қыздарының туған күнін дүркіретіп атап өтіп, оған су жаңа пәтердің кілтін табыстаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина күні кеше 18 жасқа толды. Жұлдызды отбасы оның туған күнін Алматының қақ ортасында орналасқан қымбат мейрамханалардың бірінде тойлаған.

Мерекелік кешке туған күн иесінің жақындары мен достары ғана шақыртылған. Өнер жұлдыздарынан Динаны құттықтауға арнайы Қайрат Нұртас келген. Хитмен оның құрметіне ән шырқап, оған өз ақ тілегін жолдаған.

Кеш қонақтары әлеуметтік желіде көңілді отырыс кезінде түсірген видео мен фотоларымен жарыса бөлісті. Бейнежазбадан туған күн иесін түрлі гүл шоқтарымен көмкеріп тастағанын көруге болады.

Сонымен қатар, жұлдызды әулет Динаға 18 жасқа толуына орай, су жаңа пәтердің көлігін табыстады. Әншінің қарындасы өз туған күнінде үйлі болды.

Желі қолданушылары да Төреғали Төреәлінің қарындасын жаңа жасымен құттықтап, оған өз ақ тілектерін жаудырды.

"Бақытты бол, тәтті қыз" , "Жасың ұзақ, денің сау болсын. Бақытты бол" , "Қандай керемет. 16 жасында көлікті болған еді. Енді 18 жасында пәтерлі болды" , "Қандай бақытты қызсың. Отбасың керемет. Мұндай сыйлық әркімнің арманы" , "Өмірдегі бар жақсылықты тілейміз" , "Келген жасың берекесімен келсін. Мына пәтер тек қана бақыт алып келсін" , "Бізге де бұйырсын" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900116-18-zasqa-tolgan-toregalidin-qaryndasyna-otbasy-pater-syilagan-video/

pixel