"Қолдаймын": Динара Сұлтан фонограмма туралы заңға пікір білдірді
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Динара Сұлтан фонограмма туралы заңға қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі бұл бастаманы толығымен қолдайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Динара Сұлтан өзге әріптестеріне қарағанда фонограммамен ел алдында ән шырқауды аса ұят нәрсе санайды. Эстрада жұлдызының сөзінше, оған тек телевизиялық түсірілімдерде жүгіну керек.
Сол себепті, әнші соңғы кезде қызу талқыға түскен фонограмма туралы заңға қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты.
"Мен фонограмманы алып тастауға бағытталған заңды толықтай қолдаймын. Өйткені, фонограмма ол халықты алдау деп есептеймін. Сенің өнеріңді тамашалауға келген халыққа "фонограммамен айтып тұрмын" деудің өзі ұят нәрсе. Фонограмманы тек телевизиялық түсірілімдерде, дыбыс жетпей қалатын жобаларда ғана қолдану керек" , - деді Динара Сұлтан.
Айта кетейік, фонограмма туралы заң отандық жұлдыздар арасында қызу талқыға түскен. болатын. Эстрада өкілдері бұған дейін фонограммаға тыйым салатын жаңа заңға қатысты қандай пікірде екендерін ашық айтқан еді. Кейбір әншілер өнерді заң жүзінде қадағалауға қарсылығын ашық білдірсе, кейбірі онда тұрған ештеңе жоқ деген ой түйді.
Сонымен қатар фонограммамен қоса, енді концертте сахна мәдениеті туралы ұмытқан әртістерге айыпбұл салынбақ. Кеште мас күйінде ән айтқандар, балағат сөздер білдергендер заң алдында жауапқа тартылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900319-qoldaimyn-dinara-sultan-fonogramma-turaly-zanga-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.