jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Пластикалық отаға жүгінген әнші мұрнынан айырылып қала жаздады (фото)

    Әнші
    Фото: Gao Liu/Weibo

    Қытайлық актриса әрі әнші Гао Лю сәтсіз пластикалық отаның салдарынан мұрнынан айырылып қала жаздады деп жазады odditycentral.com.

    Енді ғана ерекше танымалдыққа ие болып келе жатқан ару аяқ асты көпшіліктің көзінен таса болады. Бұған актрисаның сәтсіз пластикалық ота жасатуы себеп болған екен.

    Әнші
    Фото: Gao Liu/Weibo

    Одан әрі сұлу бола түсуді қалаған бойжеткен ақыры мұрынсыз қалуы мүмкін екенін мүлде ойламаған.

    Төрт сағатқа созылған пластикалық отаның салдары Гао Лю үшін үлкен қиындықтарға ұласты.

    Отадан кейін мұрны ауырып жүргеніне шағымданып келген ару көп ұзамай мұрнының ұшындағы терісі мүлде жансызданып қалғанын байқайды. Оның мұрнының ұшы қарайып, некроз басталып кетеді.

    Әнші
    Фото: Gao Liu/Weibo

    Салдарынан Гао Лю екі айын ауруханада өткізіп, мұрнын аман алып қалу үшін қыруар қаражат жұмсаған.

    Дәрігерлер оның мұрнының қарайған тұстарын тек бір жылдан соң алып тастап, бұрынғы келбетін қалпына келтіре алатынын алға тартыпты. Енді әнші бір жыл бойы қарайған мұрнымен жүруге мәжбүр болып отыр.

    Ал әншіге сәтсіз ота жасаған клиниканың 2020 жылы бес әкімшілік айыппұлға ұрынғаны белгілі болды. Мұрнын сақтап қалу үшін 62 мың долларын сарп еткен бойжеткеннің сәтсіз ота жасағандарды сотқа беретін-бермейтіні әзірге белгісіз.

    Әнші қиындықтар ұзаққа созылып кеткесін, амалсыз қара мұрнымен көпшіліктің алдына шығып, жасырынуын доғарған.

    Пластикалық отаға жүгінген әнші мұрнынан айырылып қала жаздады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.