RU

Мөлдір Әуелбекова: Образым өзгерген кезде орамалға лайықты киімім аз болды

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде образының өзгеруіне қатысты жазба жариялап, орамалға келу үрдісі қалай жүргенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова орамалды енді ғана таға бастаған кезін есіне алып, қалың көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесінің айтуынша, образын өзгертуге бекінген сәтте оның гардеробында орамалға сай келетін киім-кешек аз болған. Бұл туралы эстрада жұлдызы өзінің Instagram парақшасында жазған.

"Образым өзгерген кезде гардеробта орамалға лайықты киім тым аз болып, барына базар етіп келістіріп киген болатынмын. Әлбетте инстада қатты сын астында қалғанмын. Не деген пікірлер жазылып еді. Қазір қарасам күлкім келеді! Тырысқан шалбармен басымда орамал немесе етегі қысқа көйлекпен орамал. Аллаға шүкір, бір жылға таяу уақытта әр сезонға әсте әсте киімдерімді жөндеп орамалыма келістіріп алудамын" , - деп жазды Әуелбекова.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы ақпарат пайда болып, әншінің қызу талқыға қалғанын жазған болатынбыз.

Instagram желісіндегі парақшаларда Мөлдір Әуелбекованың жолдасы болуы мүмкін ер азаматтың суреті тарап, желіні шулатты. Қалың көпшілік бірден қызу талқыға кірісіп, оған қатысты білетін ақпараттарын бөлісе бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900356-moldir-auelbekova-obrazym-ozgergen-kezde-oramalga-laiyqty-kiimim-az-boldy/