Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз тимесін": Отбасылық суретін жариялаған Ернар Айдар елді тәнті етті

Жарияланған күні:

Ернар Айдар отбасымен
Фото: Instagram/ernaraidar_kz

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар желіде ерекше отбасылық фотосын бөлісіп, жанкүйерлер қауымын сүйсіндірді. Қалың көпшілік жұлдызды жанұяның бақытты сәтіне куә болып, оларға жылы лебіздерін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әдетте отбасылық өмірін көп көрсете бермейтін Ернар Айдар желідегі оқырмандарына барынша ашылуда. Өнер иесі Instagram парақшасында келіншегі мен қызымен түскен суретін жариялап, халықты тәнті етті.

Эстрада жұлдызының жанкүйерлері оның жанұялық фотосына тамсана қарап, өздерінің ыстық ықыласын білдірді.

"Өте керемет отбасы. Ернар Айдар әнші ретінде де, адам ретінде де қатты ұнайды" , "Жандарым. Ернар аға, Мадина жеңге екеуіңіз баянды да бақытты болыңвздар. Сіздерге Қыз жібек пен Төлегеннің махаббаттанын тіледім. Тәп-тәтті балапандардың қызығына тоймай жүре беріңіздер! Сіздің әндеріңіз керемет. Сізді сүйіп тыңдаймын" , "Тәтті жұп. Қыздарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер" , "Осындай бақытты сәттеріңіз көп болғай" , - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, әнші Төреғали Төреәлі мен оның жары Толқын бесінші сәбилерін күтіп жүрген болуы мүмкін. Бұл желі қолданушыларының болжамы. Оған желіде тарап кеткен ерлі-зайыптылардың видеосы себеп болса керек. Бейнежазбада "ұлы дала баласының" келіншегінің іші шығып қалғаны байқалады.

Алайда, жұлдызды отбасы әзірге бұл ақпараттың рас-өтірігін ресми түрде хабарлаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900363-koz-timesin-erekse-otbasylyq-suretpen-bolisken-ernar-aidar-eldi-tanti-etti/