Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Дұғалованың суретін 100 сағатта салып шыққан суретші қыз елді тәнті етті (фото, видео)

Опубликовано:

Әсел Бекжан
Фото: Instagram/assolyaa

Жанар Дұғалованың шығармашылығынан шабыт алған отандық жас суретші Әсел Бекжан оның портретін салуды жөн көрген. Өнерлі бойжетен өз жұмысына 100 сағат арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Жанар Дұғалованың портретін салып шығу үшін жас суретшіге 100 сағат қажет болған.

"Менің ойым мен идеямды сезініп көріңіздер. Керемет туындыларды тыңдағанда қатты шабыт аламын. "Ізің көрем" әні де кез келген жанды рухтандырып, жігенлендіріп жіьеретін туынды. Жанар Дұғалова шығармашылығыңыз үшін мың алғыс" , - деп жазды Әсел Бекжан Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары өнерлі арудың салған суретіне тәнті болып, оның жұмысына жоғары бағасын берген.

"Сіздің өнеріңізге көз тоймайды. Керемет туынды, жарайсың" , "Суреттегі адамның мінезі, қандай тұлға екені суреттен-ақ оқылып тұр. Тіпті модельді танымасаң да оның қандай болуы мүмкін екенін болжап көруге болады" , "Табиғат неткен керемет. Жанардың портреті де сәтті шыққан. Бәрін талғаммен жасағаның көрініп тұр" , "Бұл жұмысыңызда мін жоқ. Тек жоғары баға береміз" , - деп жазуда халық.

Бойжеткеннің жұмысына сүйсінгендер қатарында әнші Жанар Дұғалованың өзі де болған. Эстрада жұлдызы суретші қыздың жазбасына өз "жүрекшелерін" қалдырып кеткен. Сонымен қатар, өнер иесі Әсел Бекжанның видеосымен өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, оған өз алғысын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900561-zanar-dugalovanyn-suretin-100-sagatta-salyp-syqqan-suretsi-qyz-eldi-tanti-etti-foto-video/

pixel