Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше образдағы Салтанат Бақаеваны ел танымай қалды (фото)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева қалың көпшілікке өзінің ерекше образын көрсетіп, қызу талқыға түсті. Өнер иесін мұндай кейіпте көрмеген жанкүйерлері оның өзгерісіне айтарлықтай таңғалуда. Кейбір желі қолданушылары әншіні тіпті танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева Instagram желісінде стиліне енгізген өзгерістерін көрсетіп, барша оқырмандарын таңғалдырды.

Әнші бұрын-соңды болмаған образын жұртшылық назарына ұсынып, елден сөз естіп қалды. Алайда, ол халықтың мұндай әсерде болатынына дайын болғанға ұқсайды.

"Ұнамайды сенің жаңа образың” - дейтін шығарсыздар. Шынымды айтсам өзім де қатты ұнатып тұрғаным жоқ. Бірақ ”Салтанат сізге жаңа образ керек” деген соң келістім. Халық сіздің қазақи әндеріңізден шаршады, репертуарда жаңа бағытта ән болу керек деген ой айтты. Соны сіздерден сұрайын деп едім. Шынымен менің қазақи әндерімнен шаршадыңыздар ма" , - деп жанкүйерлеріне жүгінген Бақаева.

Эстрада жұлдызының жаңаша кейпі барлық жанкүйерлеріне бірдей ұнай қойған жоқ. Өнер иесін дәстүрлі образдарда көріп үйреніп қалған көпшілік оның заманауи стилін сынға алды. Кейбір оқырмандар Салтанат Бақаеваны мүлдем танымай қалған

"Сол қазақи әндер жарасады сізге. Мынадай образ керек емес сияқты", "Сізді танымай қалдым. Бір түрлі екен мұндай кейіпте көрген" , "Қазақилық кез келген адамға жағады деп ойлаймын. Маған ұгайды қазақи образың да әндерің де. Өзгеріс барлық адамға керек бірақ. Көп жүрме бұл образбен", "Мына образыңызға үйрену қиындау екен" , "Ашық жараспайды екен" , - деп жазды желідегілер.

Сонымен қатар, пікір білдірушілердің бір бөлігіне кересінше шоу-бизнес өкілінің ерекше образын қатты ұнаған. Олар өнер адамына әрдайым өзгеріс керек екенін жазып, әншіге қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900622-erekse-obrazdagy-saltanat-baqaevany-el-tanymai-qaldy-foto/

pixel