Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ыстығыма да, суығыма да төзіп жүр": Серікбол Сайлаубек әйеліне өз сезімін білдірді (видео)

Опубликовано:

Серікбол Сайлаубек әйелімен
Серікбол Сайлаубек әйелімен. Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек төрт баласының анасы, сүйікті жарына ел алдында өз сезімін білдірді. Өнер иесі келіншегі екеуінің ерекше сәттерінен үзінді жариялап, жанкүйерлерін тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серікбол Сайлаубек Instagram парақшасында барша оқырмандарының көзінше өз әйеліне деген махаббатын жеткізді. Шоу-бизнес өкілі жарымен түскен ерекше видеосымен бөлісіп, оның астына әсерлі жазба қалдырған.

"Менің Аллах қосқан жан жарым! 4-баламның анасы, анамның келіні, менің ыстығыма да суығыма да төзіп жүрген алтыным ғой" , - деп жазды әнші.

Бейнежазбадан ерлі-зайыптылардың Талдықорған қаласының әсем жерлерінде серуендеп жүргенін көруге болады. Жұлдызды отбасы бүгінде осы қалада тұрып жатыр.

Желі қолданушылары әртістің келіншегіне арнаған жылы лебізіне сүйсініп, оларға өз ақ тілекьерін жолдаған.

"Махаббатарың баянды болсын" , "Жұптарың жазылмасын. Осындай бақытты шақтарың көбейе берсін" , "Бақытты болыңыздар. Өз әйелімен мақтанған қандай керемет жансыз" , "Жарайсың, өз әйелімен мақтана алатын еркек", "Бір жастықта қартайыңдар" , "Қандай керемет көрініс. Осындай көріністі көріп отырып, жаның сүйсінеді" , "Өте әдемі әрі махаббатқа толы видео" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Гүлнұр Оразымбетова отбасылық өмір туралы жазба жариялап, үйде қандай қарым-қатынас орнату керектігін түсіндірді. Өнер иесі әрбір отбасының өз проблемалары болатынын айтып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900764-ystygyma-da-suygyma-da-tozip-zur-serikbol-sailaubek-aieline-oz-sezimin-bildirdi-video/