Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген әлеуметтік желіден не себепті көрінбей кетті

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақ атын күллі әлемге паш етіп жүрген әнші Димаш Құдайбергеннің соңғы кезде желідегі белсенділігі күрт төмендеп кетті. Өнер иесі өзін іздеп уайымға салынған жанкүйерлеріне үндеу жолдап, ғаламтордан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген өз үндеуінде тыңдармандарына соңғы уақытта әлеуметтік желілерге көп көңіл бөле алмай жүргенін айтты. Сонымен қатар, ғажайып дауысты әнші оларды алдағы уақытта жаңа жобалармен қуантатынын жеткізді.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазған.

"Қымбаттыларым, соңғы кездері әлеуметтік желілерде белсенді болмай кеттім. Өйткені жобалармен жұмыс істеп жатырмын. Жақында сіздермен бөлісетін боламын. Баршаңызға қайырлы күн болсын. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды ол.

Димаштың жанкүйерлері оның үндеуін жылы қарсы алып, оған ыстық ықыласын білдірді. Олар жаңа жобаларға кіріскен әншіге сәттілік тілеп, жаңа туындылар күтетінні айтты.

"Сәттілік Димаш, сенен керемет әндер күтеміз" , "Бар уақытыңды шығармашылығыңа арна. Дұрыс" , "Біз әрдайым сені қолдаймыз. Тек амандығы айтып қойсаң болғаны" , "Бәсе, біздің Димаш бос жатпайды. Жаңа жобалармен қуантады екен ғой" , "Қызу дайындық бастап кеткен секілді. Әйтпесе, бұған дейін желіде аса белсенді еді" , - деп жазуды халық.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің есімі Марста пайда болғанын жазған болатынбыз.

18 ақпанда жаңа ровер Perseverance Марс бетіне жетті. Ғылыми жабдықтармен қатар, ол Қызыл планетаға миллиондаған адамның есімдерін көшірді. Олардың арасында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900836-dimas-qudaibergen-aleumettik-zeliden-ne-sebepti-korinbei-ketti/

pixel