Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украиналық тележүргізуші қазақ бизнесменіне тұрмысқа шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Той
Фото: ivannaonufriichuk

Украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчук тұрмысқа шықты. Қазақ бизнесменімен некесін қиған арудың тойы Мальдив аралында өтті. Бойжеткен өміріндегі маңызды сәттің суреттерімен желіде бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалыңдықтың той күніндегі таңы сәнденуден басталған. Мальдив аралдарына жас жұбайлардың достары мен туыстарынан бөлек, визажист, шаштаразшы және фотограф та келген.

Иваннаның той көйлегін танымал ливандық дизайнер Джордж Хобейка тіккен. Ал қалыңдықтың құрбылары алқызыл түсті көйлек, күйеу жігіт болса, ақшыл костюм мен ақ жейде киген.

Той Four Seasons компаниясына қарасты Воава атты жеке аралда өткен. Аталмыш аралда небәрі 22 адамға қызмет көрсетіледі және оның құны тәулігіне 40 000 долларды құрайды.

Тойда Дан Балан, Дима Монатик пен оның қоластындағылар — Lida Lee және Nino өз өнерлерін ортаға салған.

Одан бөлек, RUMBERO's тобымен бірген Амадор Лопесте өнерін паш еткен. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава жүргізген.

Жазда жас жұбайлар тағы бір тойды Украинада өткізуді жоспарлап отыр. Иваннаның ғашығы Швейцарияда тұратындықтан, жас жұбайлар екі елде кезекпен тұрмақ.

Айта кетейік, Иванна Онуфрийчук -"Без галстука" авторлық шоуының тележүргізушісі. Ол болашақ жарымен Испанияда демалып жүргенінде танысқан. Бір жыл бұрын кездесе бастаған аруға қазақ бизнесмені тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900943-ukrainalyq-telezurgizusi-maldiv-aralynda-qazaq-biznesmenine-turmysqa-syqty-foto-video/

pixel