Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Земфира сегіз жылда алғаш рет ән жинағын жарыққа шығарды (видео)

Опубликовано:

Земфира
Фото: _fan_zemfira_ / Instagram

Ресейлік рок-жұлдыз Земфира сегіз жыл үзілістен кейін алғаш рет альбомын жарыққа шығарды деп хабарлайды ren.tv.

12 әннен құралған үнтаспаға "Бордерлайн" деген атау берілген. Альбомды Spotify, "Яндекс.Музыка" және өзге де стримингтік жүйеден жүктеуге болады.

12 әннің ішінде бұған дейін көпшілікке танылып үлгерген "Остин" мен "Крым" әндері де бар.

"Бордерлайн" — Земфираның жетінші толықформатты студиялық альбомы. Бұған дейінгі альбом "Жить в твоей голове" деген атаумен 2013 жылдың ақпанында жарыққа шыққан болатын.

Әнші жаңа альбомы тыңдармандарына жол тартатынын 2020 жылдың сәуірінде көпшілікке жария еткен еді. Ол кезде Земфира үнтаспаның үштен екі бөлігі дайын екенін алға тартқан.

Ақпан айының басында өнер иесі бес жылда алғаш рет "Злой человек" әніне клип түсірген болатын. Ән режиссер Рената Литвинованың "Северный ветер" фильмінің саундтрегі ретінде жазылған. Литвинованың өзі бейнеклипте басты рөлді сомдайды. Клиптің сюжеті бойынша актриса қарлы боранда көлікті басқарады.

Кейінірек әнші тыңдармандарына "Остин" әнін және оған арналған анимациялық клипті ұсынды, оның сюжеті Gardenscapes және Homescapes тегін ойындарындағы басты кейіпкерге негізделген.

Клипте анимациялық кейіпкер құлап жатқан зәулім үйден қашып үлгереді. Жаңа клипті көргеннен кейін әншінің тыңдармандары оған жылы лебіздерін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901012-zemfira-segiz-zylda-algas-ret-albomyn-zaryqqa-sygardy-video/

pixel