Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намыс жоқ па": Жартылай жалаңаш Кенжебек Жанәбілов ел ашуын тудырды (фото)

Жарияланған күні:

Кенжебек Жанәбілов
Фото: Instagram/kenzhebekmuzart

"МузАрт" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов желіде өзі шығарған шоколад маркасын жарнамалаймын деп халықтың сынына ұшырады. Қалың көпшілік кәсібі үшін жалаңаштануға дейін барған әншіні аяусыз сөгіп тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов өз шоколадының жарнамасын ерекше етіп түсіріп, барша жанкүйерлерін таңғалдырды. Өнер иесінің Instagram парақшасында жариялаған фотосы бірден желіде шу тудырып, елдің қызу талқысына түсті.

Суретте жартылай жалаңаш күйдегі әншінің қарда жатқанын көруге болады. Эстрада жұлдызының қолында аталмыш шоколад та бар.

Желі қолданушылары әртісті мұндай кейіпте көрмегендіктен өз таңданысын жасыра алмай, оған қатысты азулы пікірлерін жаудырды. Оқырмандар Жанәбіловты жарнамаға бола мұндай қадамға барғаны үшін сөгіп тастады. Олардың айтуынша, бұл ер азаматқа сай қылық емес.

"Мына шоколадты әбден жарнамаладыңыз ғой. Қарға мұндай күйде жатып не болды соншама?" , "Енді қалғаны осы еді. Жалаңаш отырғаны жетіспей тұр еді. Түсінбеймін. Осыларда намыс жоқ па? Ұят деген қайда?" , "Рекламаны да кішкене дұрыс жүргізе білу керекқой. Не мына жатыс айдалада шешініп тастап", "Сіздің шоколадыңызды жеп жалаңаш жүре берсек бола ма?" , "Қойындаршы жігіттер ненің рекламасы ұят қой мынау ақша үшін шешініп бұл елдің алдына шығу" , " Кенжеке ел алдында журген адамсыз ұятқо мына жатыс" , "Нан табу оңай емес. Бірақ, бұл әрекетіңіз тым ерсі болды" , "Ақша не істетпейді" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901365-namys-zoq-pa-zartylai-zalanas-kenzebek-zanbilov-el-asuyn-tudyrdy-foto/